5– миоцит ядросының кесіндісі (ядродандан жоғары немесе төмен кесілген)
Қуықтың препаратында мезенхимадан дамыған бірыңғай салалы бұлшықет тінінің жасушалары миоциттерді көреміз. Бұлар пішіні жіп тәрізді. Цитоплазмасында оксифильді боялған, ядросы базофильді боялған. Бірнеше миоциттер бірігіп, миоциттер комплексін түзеді. Арасында борпылдақ дәнекер тіні орналасқан.