Презентация №12 Гипотеза Құрастырған: философия ғылымдарының докторы профессор Мирзабекова Алма Шаимовна


Гипотезаны құру үрдісінің белгілері



бет2/4
Дата20.12.2023
өлшемі55 Kb.
#141611
түріПрезентация
1   2   3   4
Гипотезаны құру үрдісінің белгілері:
- гипотеза зерттеліп жатқан құбылыстың сипаты туралы проблемді пайымдау түрінде қалыптасады, эпистемикалық модальдікті білдіреді, тексеруді қажет ететін ықтималды білімді қамтиды;

Дұрыс гипотезаны құру үшін мынадай талаптарды орындау керек. 1) Дж. С. Милль айтқандай, болжам шын мәнінде ғылыми гипотезаға айналу үшін, ол бақыланатын заттармен, құбылыстармен салыстырыла отырып, оларды не дәлелдеуге, не бекерлеуге болатындай болуы керек;
2) ұсынылған болжамда тәжірибе арқылы айқындалмаған, әлі де болса түсіндіруді қажет ететін ұғым болуы керек;
3) болжамда фактілерге баға берілмеуі керек;
4) болжамда тым көп шектеу немесе жорамал болмауы керек;
5) болжам қолда бар техниканың күшімен тексеріле алатын болуы керек.

Гипотезаның түрлері


Білімді дамыту үрдісінде гипотезалар белгілі өлшемдерге қарай келесі түрлерге бөлінеді:
1) танымдық қызметтеріне қарай:
- сүреттеуші гипотеза – бұл зерттеліп жатқан объектке тән қасиеттер туралы болжам. Ол мынау сұрақтарға жауап береді:
Бұл зат дегеніміз не?
Бұл зат қандай қасиеттерге ие?
- түсіндіруші гипотеза – бұл зерттеудің объектісінің пайда болу себептері туралы болжам. Ол мынау сұраққа жауап береді:
«Неге бұл оқиға болған?»
«Бұл заттың пайда болу себептері қандай?»
2) зерттеудің объектісіне қарай:
- жалпы гипотеза – бұл заңды байланыстар мен тәжірибедеге қайталанатын нәрселер туралы негіздеуі бар болжам
Мысалы,
заттың атомдық құрылымы туралы болжам, аспандағы денелердің пайда болуы туралы академик О. Ю. Шмидт пен академик В. Г. Фесенковтың өзара бәсекелесіп тұрған қазіргі гипотезалар, мұңайдың органикалық және органикалық емес пайда болу жолдары туралы гипотезалар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет