4) ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5) коммуникацияның әр түрлі тәсілдерін қолдану, соның ішінде тілдік дағдылар;
6) жеке және топта жұмыс істеу қабілеті»
Қазіргі білімді адам - әлемді игеріп, ондағы өзінің орнын таба алатын, заман сұранысына сай өзегін өзгерте алатын, іскер адам. Яғни білімді тек білдіру үшін ғана емес, соған сүйеніп, тез жол табуға икемді, ішкі қуатты мобильді, білікті тұлға пісіп-жетілуіне бағыттау қажет.
Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының үлесі
Бұл жоба туралы Елбасы: «…біз жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз» деп айқындап берді. Мемлекет үшін аса маңызды жұмысты жүзеге асыру мақсатымен «Ұлттық аударма бюросы» құрылып, оның тұсаукесерін Елбасы өзі жасады. Бұл – мемлекет үшін де жас ұрпақ үшін де ең маңызды айтулы оқиға болды. Қазақ баласы да әлемге мәшһүр оқулықтардан өз ана тілінде дәріс алатын болды.
Ғылым
Ғылым (араб.— білім, тану;
лат. scientia — білім) :
1) жаңа білімге жеткізетін әрекет;
2) ғылыми зерттеу арқылы ашылған білім;
3) білімді өндірумен айналысатын әлеуметтік институт
Ғылымның негізгі міндеттері – өзі тауып ашқан заңдардың негізінде дүниенің құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау
Ғылыми әрекеттің белгілері
- ғылыми зерттеу әдістерін жасап шығару және пайдалану, - арнайы жабдықтарды (приборларды, инструменттерді, лабораторияларды және т. б.) пайдалану, - кең көлемдегі ақпаратты (кітапхананы, мәліметтер базасын т.б.) игеріп алу және өндіру.