Презентация №6 Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша



бет1/9
Дата28.02.2023
өлшемі28,32 Kb.
#70438
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Білім, ғылым, техника және технологиялар-melimde.com


Білім, ғылым, техника және технологиялар

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы



Пән: «Философия»
Дәріс-презентация №6
Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша
Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы

Білім беру, ғылым, техника және технологиялар философиясы

1.Білім беру философиясы

2.Ғылым философиясы

3. Техника философиясы

4. Технология

Білім беру философиясы

Білім беру философиясында білімділік идеясы, білім берудің мақсаты, білім беретін жүйелер талқыланады

Білім беру философиясының арнайы ғылыми сала ретінде бөлініп шығуының себептері :

1)білім беру технологияларының өзгеруі;

2) білім көлемінің өсуі;

3) қоғам мен оқу-білім саласы арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі.

Білім беру – адам мен қоғам үшін құндылық

Сократ: «бірден-бір ізгіліік -

білім, бірден-бір зұлымдық -

надандық»

Ф. Бэкон: «Білім – күш »

Білім беру философиясының пайда болуы

Джон Дьюи өзінің «Мектеп және қоғам» (1899), «Болашақ мектептері» (1915), «Демократия және білім беру» (1916) атты енбектерінде прагматизмге, әсіресе, оның инструментализм деген тармағына сүйеніп, білім беру философиясының негізін қалаған. Дж. Дьюи бихевиоризм психологиясына сәйкес интеллектті қоршаған ортаға бейімделудің және аман қалудың басты құралы, ол біздің қажеттіліктерімізге сәйкес шындықты өзгертуге бағытталған деп сипаттайды.

Дж. Дьюидің білім беру философиясының түйінді ұғымдары: коммуникация, ғылыми ойлау, тәжірибе.

Дж. Дьюи пікірінше, білім беру – қоғамды демократияландырудың басты құралы. Сондықтан мектеп баланың ойлау қабілетін дамыту үшін, оны еңбекке үйретуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет