Ата-жиналысы: «Қауіпсіз интернет»
Мақсаты: қауіпсіз интернетпен жұмыс жасауда ата-аналарға құқықтық, психологиялық, техникалық аспектілерін таныстыру.
Көрнекілік: презентация «Қауіпсіз интернет»
Семинар-тренинг барысы:
Амандасу, түгендеу «Менің тілегім»
ІІІ тоқсан қорытындысы. Оқушылардың оқу үлгерімі мен тәртібі.
4. Баяндама. Тақырыбы: «Қауіпсіз интернет»
5. Әртүрлі мәселелер.
а) ұлдар мен қыздар тәртібі
ә)тазалығы, мектеп формасы туралы
б) оқушылардың оқу құралдары туралы
Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының дәлелдеуінше, бүкіләлемдік ғаламтор желісі жеткіншектерге физикалық, психологиялық жағынан айрықша зиянды. Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Британдық биологтар арнайы зерттеу жүргізе келіп, мынандай қорытынды жасап отыр: «Әлеуметтік желілерде үнемі отыру ми қызметіне де кері әсер етеді, гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлатады, мұның бәрі адамның жүйкесі мен ой-санасына белгілі бір мөлшерде ауыртпалық түсіреді». Өздеріңізге белгілі, жүйкеге салмақ түсуі дегеніңіз - ойлау қабілетінің төмендеуі, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемуі, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы. Ғаламтор жеткіншектер үшін реферат, музыка мен фильмдер, суреттер, ойындар көшіріп алу, бір-бірімен хат жазысу үшін қажет. Олар өздерін мазалаған сұраққа да ғаламтордан жауап іздейді. Алайда ғаламтордың қаупі де аз емес. Мысалы, ресейлік ғалымдардың айтуынша, бүкіләлемдік шырмауық-торда экстремистік және террористік сипаты бар, қырықтан астам сайт жұмыс істеп тұр. Ал оның жастарымыздың ой-санасы мен дүниетанымын теріс жолға бағыттап, оларды қылмысқа азғыратыны мәлім. Жазғы демалыста жеткіншектердің ғаламторды пайдалануын зерттегендер айтады: «Биыл жасөспірімдердің 4 пайызы жыныстық қатынасты көрсететін әлемдік желілерді көрген, 14,5 пайызы беймәлім адамдармен кездесуге келіскен, 19 пайызы парносайттарға енген, 38 пайызы зорлық-зомбылық туралы ақпараттарды тамашалаған, 16 пайызы нәсілшілдік мазмұндағы сайттарға кірген» - деп. Мінеки, қазіргі таңда көптеген жеткіншектердің өзіне-өзінің қол жұмсауының бір сыры осында жатқан тәрізді. Жеткіншіктер үшін ғаламтордың бір зиянды жағы: мұнда әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалар көп. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады. Әрине, қазіргідей техникалық-ғылыми прогресс дамыған заманда компьютердің, ғаламтордың дұрыс пайдалана білген адамға пайдасы зор. Ол талас туғызбайтын ақиқат. Тек оған біздің көптеген жастарымыздың таным-түсінігі жетпей жататыны болмаса...
Ата-аналар жұмысы «Интернет пен смартфонның зияны мен пайдасы»
Ата-аналар екі топқа бөлініп тақтаға зияны мен пайдасын жазады. Әр оны мысалдар арқылы дәлелдейді.
Қорытынды
«Интернеттің пайдасы мен зияны бар, бірақта сіз ....» тренинг. Қатысушылар сөйлемді қайталап, көршісіне тілек айту арқылы жалғастырады.
Ж.Сәдуақасов атындағы ЖББМ
«ҚАУІПСІЗ ИНТЕРНЕТ»
ата-аналарға арналған жиналыс
Сынып жетекші: Қасымова Ә.С
Достарыңызбен бөлісу: |