«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ” АҚ
АО«ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКАЯ МЕДИЦИНСКАЯ АКАДЕМИЯ»
Презентация
Фармакогнозия кафедрасы
Тақырыбы: Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігін анықтау әдістері.
Макроскопиялық талдау.
Орындаған: Берден Б.
Тобы: ФҚБ-01-21
Қабылдаған: Өмірбеков Н.Ә.
Шымкент 2022 жыл
Жоспар
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Дәрілік өсімдік шикізатының өзі екендігін зертханалық және дәріханалық жағдайда өткізу.
2.Макроскопиялық талдаудың әдістемесі мен техникасы.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Дәрілік өсімдік шикізаттары (ДӨШ) – бұл медицинада қолдануға рұқсат етілген, химиялық өңдеуден өтпеген бүтін дәрілік өсімдіктер немесе оның бөліктері. ДӨШ ретінде кептірілген кейде жас балғын түрінде дәрілік зат ретінде немесе фитопрепараттар алу үшін, сонымен қатар дәрілік белсенді заттарды бөліп алу үшін пайдаланады.
ДӨШ дайындау– бұл кезекті этаптардан тұратын үрдіс: жинау, алғашқы өңдеу, кептіру, стандартты жағдайға келтіру, орамдау, сақтау. Барлық этаптар шикізаттарда ББЗ сапасы және нормативті құжаттардың талаптары сақталатындай етіліп жүргізілуі тиіс.
Дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық талдау жалпы фармакогностикалық зерттеу комплексінде өте маңызды келеді.Оның негізгі- шикізаттың өзі екендігін анықтау.
Өсімдік шикізатының өзі екендігін анықтаудағы негізгі мақсат- морфологиялық белгілердің жалпы көрінісінде зерттелетін нысынға тән, оны басқалардан ерекшелейтін ерекше белгілерін табу.
Макроскопиялық талдау техникасы.Макроскопиялық талдау техникасы жай көзбен немесе үлкейткіш шынымен дәрілік шикізаттың сыртқы түрін зерттеуге, оның жеке бөліктерін өлшеуге, органолептикалық сынамаларға (түсін,иісін,дәмін анықтауға),сонымен қатар сапалық химиялық реакцияларды жүргізуге қолданады.Бұл жағдайда, әсіресе құрамында эфир майлары бар шикізаттарды зерттеу барысында жиі стереомикроскопты қолданады.
Дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық тексеру кезінде шикізаттың осы түріне бекітілген тиісті нормативтік құжаттарды (фармакопеялық бап,уақытша фармакопеялық бап,мемлекеттік стандарт,салалық стандарт,техникалық шарт) негіз етеді.
Шикізаттың сыртқы белгілері. Шикізаттың азғана мөлшерін арнайы тақтайға,күңгірт шыныға,линолеум тіліміне,клеенкаға немесе жалтырақ қағазға мөлшері (40*50 см) жайып салады,әр түрлі күйде жай көзбен және он есе ұлғайтатын үлкейткіш шынымен мұқият қарайды.
Шикізат өлшемдерін миллиметрлік сызғышпен анықтайды,майда тұқымдары мен жемістерді миллиметрлік қағаз көмегімен өлшейді.Шикізаттың өлшемдері туралы дұрыс пайымдау үшін өлшем сериясы қажет. Содан кейін орташа мәнін есептейді.
Шикізат түсін күндізгі жарықта анықтайды.Шикізат түсін сыртқы жағынан, сонымен қатар сынған немесе кесілген жерде көреді.
Иісін әдетте құрғақ шикізаттың сынғыш обьектілерін саусақтармен ысқылау арқылы анықтайды; қатты,қалың обьектілерді пышақпен өңдеу, кейде келіде ұсақтау арқылы анықтайды.
Дәрілік өсімдік шикізатының дәмін майда бөліктерін ауызға салып шайнап, жұтпай және түкіріп тастап өте сақтықпен анықтау қажет.Органолептикалық сынамалар әдетте дәрілік шикізаттардың көптеген түрлері үшін өзіндік диагностикалық белгілер болып табылады.
Дәрілік өсімдік шикізатын макроскопиялық талдау әдістері ең алдымен оның морфологиялық құрамымен анықталады.Шикізаттың сыртқы белгілерін құрғақ материалда да,суланған немесе ылғалданған материалда да анықтайды.