Презентация Фармакогнозия кафедрасы



бет2/3
Дата04.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#65147
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Фармакогнозия СРС 1

Жапырақтар
Жапырақтарды әдетте әбден дамығанда сағағымен немесе сағақсыз жинайды.
Жапырақтарға макроскопиялық талдау жасағанда жапырақ тақтасының пішіні мен өлшеміне,сағақ пішініне және ұзындығына, жүйкелену және жапырақ шеттерінің сипатына назар аударады.Майда және қабықтанған жапырақтарды зерттегенде бұл ерекшеліктер құрғақ материалда жақсы көрінеді. Ірі және жұқа жапырақтарды зерттеу үшін оларды алдын ала ылғал камерада жібітіп немесе бірнеше минутқа ыстық суға салып алу қажет.Үлкейткіш шыны 10х немесе стереомикроскоп көмегімен құрғақ материалда жапырақтың беткі қабатындағы түктердің сипаты мен орналасуын,эфир-майлы бездердің және басқа да түзінділердің барын зерттейді.Жапырақ тақтасы мен сағақ өлшемдерін сызғыш көмегімен анықтайды.Жапырақ түсін екі жағынан да күндізгі жарықта анықтайды.
Фармацевтикалық тәжірибеде гүлдерді әдетте гүлдеу кезеңінің басында, ал кейбір жағдайларды түйіндеу кезеңінде жинайды.
Құрғақ материалда гүл шоғырларының түрін,гүл немесе гүл шоғырының өлшемдерін,түктілігін,түсін,иісін,дәмін анықтайды.Гүл немесе гүл шоғырының құрылысын зерттеу үшін оларды алдын ала 5-10 минутқа ыстық суға салып,жібітеді. Жібіген гүлді шыны тақтаға немесе заттық шыныға қояды және үлкейткіш шынымен немесе стереомикроскоп көмегімен зерттейді,препараттық инелер көмегімен жекелеген бөліктерге бөліп,тостағаншасын,гүл тәжін,аталығын,аналығын қарастырады.
Шөптерді әдетте гүлдену кезінде жинайды,сондықтанда шикізат құрамына жапырақтары,гүлдері және піспеген жемістері сабақтар енеді. Кейбір жағдайларда шөптерді гүлдегенге дейін (итошаған шөбі) немесе жеміс беру кезінде (жалынгүл шөбін) жинайды. Әртүрлі өсімдіктерде шөптерді жинау тәсілі әр алуан: кейбір өсімдіктерде сабақтарының ұшындағы жапырақтарын,екіншілерінің өсімдік жер үсті бөліктерінің барлығын,үшіншілерін тамырымен бірге жинайды.
Шөптерге макроскопиялық талдау жасау кезінде құрғақ материалда барлық бөліктерінің түк басу сипатын үлкейткіш шынымен немесе стереомикроскоппен ,анықтайды.Оны алдын – ала жібітіп зерттеген жақсы,содан соң клеенкаға жайып зерттейді.Жапырақтың пішіні мен көлеміне,олардың сабақта орналасу сипатына,жеміс түріне,сабақтың құрылысына назар аударады.
Фармацевтикалық тәжірибеде Қабық ағаштардың және бұталардың камбийден сыртқа қарай орналасқан діндері,бұтақтары мен тамырларының сыртқы бөлігін айтады.Қабықты әдетте көктемде шырын қозғалған кезде және камбийдің қарқынды әрекетінде жинайды.Қабықтың макроскопиялық талдауын құрғақ материалда жүргізеді.Қабықтар бөліктерінің пішіні мен көлемін оның қалыңдығына ерекше көңіл бөле отырып анықтайды.Қабықтың сыртқы беті тозбен жабылған.Тоз түсіне,жасымықша пішіні мен түсіне,қанылардың болуына назар аударады.Қабықтың ішкі беті тегіс немесе қырлы болуы мүмкін,түсі жағынан сыртқы бетіне қарағанда ақшылдау келеді.Қабықтың көлденең жарықшақтары талшықты,тікенді,түйіршікті болуы мүмкін.Қабықтың иісін сындарғанда немесе скальпелмен қыру арқылы анықтайды.
Жемістер деп нағыз және жалған жемістер, жеміс шоғырлары, күрдеоі жемістер сонымен қатар олардың бөліктерін білдіретін дәрілік өсімдік шикізатын атайды.Жемістерді әдетте піскен кезінде немесе пісер алдында жинайды.
Жемістерге макроскопиялық талдау жасағанда пішініне, көлеміне,түсі,, иісі, дәміне көңіл аударады.Жеміс жеміс қап және оның ішіндегі тұқымдардан немесе сүйектерден тұрады.Кептіру кезінде пішінін жоғалтқан шырынды жемістерді алдымен құрғақ түрінде қарайды, содан кейін 10-20 минутқа ыстық суға салып немесе қайнату арқылы жібітіп алады және пішінін ,көлемін, құрылым ерекшеліктерін анықтайды. Бұл жағдайда сонымен қатар жемістегі сүйектер немесе тұқымдар санына көңіл аударады; оларды жібіген жемістен алып, бетінің пішінін, сипатын анықтайды. Кейбір жағдайларда жемістерге макроскопиялық талдау жасағанда, олардың көлденең кесіндісінде- жемістегі ұяшықтар санын,эфирмайлы каналдар немесе қуыстар бағанасының болуын анықтайды.Жемістерге макроскопиялық талдау жасағанда стереомикроскопты,үлкейткіш шыны 10х кең қолданады.Сапалық химиялық реакциялар үшін жемістердің 10% дық сулы қайнатпасын дайындайды.
Тамырлар,тамырсабақтар, түйнектер өсімдіктердің жер асты мүшелері болып саналады. Өсімдіктердің жер асты бөліктерін дәрілік шикізат ретінде әдетте күзде жинайды. Жиналған тамырлар, тамырсабақтар мен түйнектерді топырақтан тазалап жуады, сабақ қалдықтарынан, тамыр жапырақтарынан, майда түптерден тазартады.Жер асты мүшелерді кептірер алдында шіріген немесе жансыз бөліктерін алып тастайды, ал ірі тамырлар мен тамырсабақтарды кептіруді жылдамдату үшін бөліктерге кеседі.
Макроскопиялық талдау жасағанда жер асты мүшелердің жиі көлденең кесіндісін зерттейді, онда өткізгіш элементтердің орналасуына көңіл аударады стереомикроскоп көмегімен .
Өткізгіш элементтердің орналасу сипаты бойынша жер асты мүшелер құрылысының бірнеше түрлерін ажыратады;
  • Қос жарнақты өсімдіктердің тамырлары мен тамырсабақтарының шоқсыз құрылымы.

  • 2. Қос жарнақты өсімдіктердің тамырсабақтарының шоқты құрылымы.
    3. Дара жарнақты өсімдіктердің тамырсабақтарының шоқты құрылымы

Дәрілік өсімдік және жануар текті шикізаттардың
негіздігін және сапасын анықтау үшін фармакогностикалық талдау әдістеріне жүгінеміз. Ол әдістерге макроскопиялық және микроскопиялық талдау жатады. Макроскопия сыртқы белгілері арқылы Дәрілік өсімдік шикізатының негіздігін анықтаса, микроскопия ішкі анатомиялық құрылымын анықтайды.
Қорытынды
  • Келімханова, С. Е. Фармакогнозия: практикум / С. Е. Келімханова ; ҚР денсаулық сақтау министрлігі; С. Ж. АсфендияроватындағыҚазҰМУ. - Қарағанды : ЖК "Ақнұр", 2014. - 180 бет. с.
  • Фармакогнозия пәнінің зертханалық-тәжірибелік сабақтарына арналған қолданба: оқуқұралы / Б. Қ. Махатов [ж. б.] ; ҚР денсаулық сақтау министрлігі; ОҚМФА. - Шымкент : Б. ж., 2013. - 328 бет. с.
  • Фармакогнозия. Рабочая тетрадь к практическим занятиям:И. В. Гравель [и др.]; под ред. И. А. Самылиной ; М-во образования и науки РФ. - 2-е изд., испр. и доп ; Рек. ГОУ ВПО Московская мед. акад. им. И. М. Сеченова. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2013. - 264 с
  • Орынбасарова К. К.Дәрілік өсімдік шикізаттарын фармакогностикалық талдау :оқуқұралы / К. К. Орынбасарова. - Алматы : ЭСПИ, 2021. - 308 бет.c
  • Мырзағали-ұлы Ә., Дүйсембаева Б. Фармакогнозия: оқуқұралы. 2018 Мырзағали-ұлы Ә., Дүйсембаева Б. Фармакогнозия: оқуқұралы. 2018

Пайдаланылған әдебиеттер
«ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ” АҚ
АО«ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКАЯ МЕДИЦИНСКАЯ АКАДЕМИЯ»
Фармакогнозия кафедрасы
Глоссарий
Орындаған: Берден Б.
Тобы: ФҚБ-01-21
Қабылдаған: Өмірбеков Н.Ә.
Шымкент 2022 жыл
Жапырақ — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтезгаз алмасубуландыруқор жинаукөбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет