Гүл – гүлді өсімдіктердің жыныстық жолмен көбею мүшесі. Ол сабақ не жанама бұтақ ұшында өседі.
Шөптер - фармацевтикалық практикада өсімдіктің жер үсткі бөлігінің дәрілік шикізаты.
Қабық - сүректің сыртында орналасқан бағанның бөлігі.
Жеміс — жабық тұқымды өсімдіктерөнімі.
Тұқым - өсімдіктердің көбеюіне және таралуына арналған мүше.
Тамыр — тұқымды және жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің (мүктен басқасы) топыраққа бекіп, одан су, қоректік зат сіңірген, оларды бірқатар бастапқы өзгеріске түсіретін, зат алмасуда пайда болған кейбір заттарды бөліп шығаратын негізгі вегетативті орган.
Тамыр сабақ— көп жылдық шөптесін өсімдіктердің түрі өзгерген жер асты сабағы.
Түйнек – өзгерген сабақ; өсімдіктің бір не бірнеше сабақ буыны аралығынан дамиды.