Екі түйіндік тәсіл. Көп жағдайда екі түйіннен тұратын электр сұлбалар кездеседі. Мұндай сұлбаларды есептеу үшін түйіндік потенциалдар тәсілінің жеке бір түрі –екі түйіндік тәсілді қолданған тиімді. Бұл тәсіл бойынша екі түйін арасындағы кернеуді табу арқылы тармақтардағы токтарды анықтайды.
Мысалы, келесі суреттегі тізбектің тармақтарындағы токтарды табайық. Ол үшін алдымен Uаб кернеуін табамыз. Тізбектің «б » түйінінің потенциалын нөлге тең деп аламыз. Сонда Uаб=φа – φб = φа – 0 = φа.
Тізбектің «а » түйіні үшін: I1 + I2 +I3 + I4=0,
мұндағы I1= (E1 - Uаб)/R1=(E1-φа)/R1,
I2= - Uаб . R2= -φа . R2,
I3= (-E3 - Uаб).R 3=(-E3-φа).R3,
I4= -φа . R4.
Токтардың өрнектерін теңдеуге қоямыз да , φа табамыз:
φа(g1+g2+g3+g4)= E1g1 – E3g3, φа=(E1g1 – E3g6)/ (g1+g2+g3+g4). Табылған φа мәнін токтардың өрнектеріне қойып, олардың мәндерін анықтаймыз.
Жалпы жағдайда Uаб =∑ Eкgк /∑gк. Беттестіру принципін есептеу әдісі негізінде қойылған жағдайды, беттестіру әдісі деп атайды. Есептеуді мына ретпен жүргізеді:
1. Э.Қ.К – нің әркайсысының әсерінен пайда болатын токтарды кезекпен есептеу. Кезекпе–кезек тізбек ішінде тек бір–бірден ғана энергия көзін қалдырып, ал басқа электр көздерін тізбектен шыгарып тастап олардың тек ішкі кедергілерін ғана қалдырады. Әр энергия көзіне арналған есептеу сұлбасын алады.
2. Тармақтағы токтарды жарым–жартылай токтардың алгебралық қосындысы ретінде табады.
Тармақтардағы токтар: