Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата19.03.2023
өлшемі192,97 Kb.
#75437
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
- Гиперсілтемелердің кереғарлығы (гиперсілтеменің үш күйі 
болатындығын ескеру керек: таңдалған, гиперсілтемені әлі қолданбаған, 
гиперсілтемені қолданған, барлық күйде гиперсілтеменің түсіне мән 
беру қажет); 
- Слайдтағы сұлбалар мен материалдардың арасында байланыстың 
болмауы; 
- Ақпаратты қабылдауға кедергі келтіретін сла йд 
арасындағы 
анимациялық эффектілердің көп болуы; 
- Слайдтағы анимациялық эффектілердің тез ауысуы, көрермендердің
ақпаратты қабылдап үлгермеуі.
2. Мультимедиялық презентацияларды жасау кезінде ұстанатын 
негізгі қағидалар 
 
● Оңтайлы көлем 
Презентацияның көлемі оның мақсатына, қолданылуына өте 
маңызды (жаңа материалды игеру, практикалық сабақтар, аттестаттау, 
дәріс және т.б.), білім алушылардың контингентіне де байланысты 
(жасы, дайындығы т.б.). 
Жалпы алғанда презентацияның көлемі 8-10 слайдтан аз болмауы 
тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, оқу презентациясының көлемі 20 слайдтан 
аспағаны жөн (немесе 12-15 шамасында). Егер слайд тым көп болса 
көрерменді зеріктіріп жібереді.
Ұзақ дәрістертерге арналған танымдық сипаттағы материалы көп 
презентациялар бұл қатарға енбейді. Алайда бұл кезде презентацияның 
көлемі 50-60 слайдтан астауы керек, бір слайдқа бір минут, мазмұнына 
екі минут есептеледі. 
● Қолжетімділік 
Білім алушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейін ескерген 
жөн. Әрбір сөзді, сөйлемді, образды теңеулер арқылы қолданылған 
түсініктерді меңгергендігін қамтамасыз ету. Барлық жаңа терминдерге 
түсініктеме берілуі тиіс.
Ғылымилығы 
Барлық ережелер, анықтамалар, шешімдер ғылыми негізде жасалуы 
керек. Түрлі суреттер нақты деректерге кедергі келтірмеуі тиіс.
● Экраннан ақпараттың қабылдану ерекшелігін ескеру 
Презентацияларда мәтіндерді аз қолданып, оның орнына сұлбалар, 
диаграммалар, суреттер, фотолар, анимациялар, фильмнен үзінділер 
қолданған жөн.
Слайдтағы мәтінді көрермен дұрыс қабылдамайды. Сондықтан 
презентацияларда (әсіресе, гуманитарлық бағыттарда) мәтінді тек 


атаулар, қысқа нақыл сөздер ретінде қолдану керек. Сандарды көп 
қолданбаған жөн.
Презентация элементтері мен олардың жалғасының болуы мағызды. 
Суреттерді, анимацияларды, видео үзіктерді кезектестіріп қолдану керек. 
Күтпеген және алуан түрлі анимацияларды тиімді қолданған дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет