Презентация жасау кезінде әдетте жіберілетін олқылықтар мен қателер



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата19.03.2023
өлшемі192,97 Kb.
#75437
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Ақпаратты таныстыру 
 
Ақпаратты таныстырудың көлемі мен түрлері: 
- Ақпаартты баяндаудың қысқа түрі ұсынылады. 
- Бір слайдқа шамадан көп ақпарат салуға болмады: адам бір мезгілде 
үш дерек, шешім, анқытама қабылда алады.
- Оқу презентациясының бір слайды 1,5-2 минутқа есептеледі. 
- Маңызды бөлімдер түсінікті болуы үшін әрқайсысы бөлек слайдқа 
жасалады. 
- Слайдта бір бірін толықтырып тұратын түрлі ақпарат болғаны жөн 
(мәтін, сұлба, диаграмма, кесте, суреттер). 
- Тақырыптар қысқа болып, аудиторияның назарын бірден 
аударатындай болуы керек. 
- Мәтін жазған кезде қысқа сөздер мен сөйлемдер қолданылғаны 
абзал.
- Шылау, үстеу, сын есімдерді аз қолданған жөн.
- Кесте көрсеткен кезде бағандар мен жолдарды аз қолдану керек. 
- Барлық ақпарат орфографиялық, грамматикалық, стилистикалық 
тұрғыдан қатесіз болуы тиіс. 
- Оқу материалын берген кезде кезеңділік сақталып, ақпарат бір 
слайдтың бірнеше жерінде көрініс табуы мүмкін немесе келесі сладйта 
жалғасы ретінде берілуі мүмкін.
- Презентация баяндамада айтылатын ойды көрнекілік ретінде 
толықтырып тұруы керек. Баяндама жасалған кезде басты бөлігі 
болмауы тиіс, алайда материалды толық қайталамауы қажет.
Слайдтағы ақпараттық блоктардың орналасуы 
- Слайдтың құрылымы барлық презентацияда бірдей болуы керек. 
- Слайдтар мен презентациялардағы ақпараттың логикасы оның 
мазмұнына сай болуы тиіс. 
- Маңызды ақпарат экранның ортасында орналасуы қажет. 
- Слайдтағы ақпараттық блоктар тым көп болмауы керек (аз дегенде 
үш, көп дегенде бес). 
- Бір ақпараттық блоктың көлемі слайдың ½ бөлігіне тең болғаны 
дұрыс. 
- Ақпараттық блокты көлденең, мағыналас блоктар – солдан оңға 
қарай. 
- Түсірдірмелі жазу суреттің, фотоның, диаграмманың, сұлбаның 
соңында жазылуы керек. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет