Жанам әсері:магний иондары резорбивті әсер көрсетуі мүкін, әсіресе бауыр жеткіліксіздігінде және ОЖЖ-нің және жүрек жұмысының тежелуін шақыруы мүмкін, ал балаларда ағзаның сусыздануына алып келеді. Тұзды іш жүргізетін дәрілерді әрдайым қолдануға болмайды, себебі олар құнарлы заттардың сіңірілуін бұзады. Балалардың жүрек және бүйрек жеткіліксіздігінде абайлап қолдану керек.
Rp.:
Natrii sulfatis
25,0
Da. Signa. Ішке 15-30 г. үлкендерге,
балаларға 1 жастан асқандарға 1г.
Майсана майы( касторовое масло) – үпілмәлік (клещевина) тұқымынан алынған препарат.