ДКМП-дан өлген адамдардың жүрегі шар тәрізді ұлғайған, массасы 800-1000 г шамасында;
Жүрекшелер мен қарыншалар қуыстары аса кеңейген;
Миокардтың қалыңдығы 1 - 2,5 см аспайды;
Жүрекше мен қарыншалар қабырғасына жабысқан тромбтар болады;
Атриовентрикулалық тесіктер сақинасы созылып аса ұлғайған, қақпақтың жармалары мен хордалары ұзарған, емізік бұлшықеттер гипертрофияланған;
Патогенезі
Гемодинамикалық бұзылыстар алдымен сол, кейін оң қарыншаның жиырылу қуатының төмендеуінен болады. Қарыншалардың қуысы аса кеңейеді, шығару фракциясы азаяды, сондықтан диастола соңындағы қысым(ДСҚ) биіктейді, қарыншалар систола кезінде тиісті қан көлемін толық айдай алмайды. Жүректің ішіндегі қанның іркілісінен қарыншалардың қуысында тромбтар түзіледі. ДСҚ биіктеуінен жүрекшелерге күш салынып, олардың гипертрофиясы және дилятациясы пайда болады, жүректің оң бөліктеріне күш түсіретін ретроградтық веналық өкпе гипертензиясы тез туындайды. Қуыстардың аса созылып кеңуінен АВ-лық қақпақтардың функциялық жетіспеушілігі қалыптасады. Атап өткен бұзылыстардан алдымен кіші шеңбердегі, содан кейін үлкен шеңбердегі іркіліске алып келетін жүректің тотальды шамасыздығы пайда болады.
Клиникасы
Клиникалық көрінісінде орын алатын үш топ белгілер:
Жүрек шамасыздығы;
Ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылысы;
Жүрек ішінде тромбтардың түзілуінен тромбоэмболиялық асқынуға байланысты көріністер;