Басты шағымдары- ентікпе, кардиалгия, жүрек қағуы. Тексергенде анықталатын белгілері: тұрақты тахикардия, сол қарыншаның шамалы ұлғаюы, жүрек тондарының әлсіреуі, паталогиялық ІІІ және ІV тондарының естілуі, үш және қос жармалы қақпақтар шамасыздығының әдеттегі белгілері.
Диагностикасы:
ЭКГ. ЭКГ-дақарыншалардың гипертрофиясы, Гис будасы аяқшаларының блогы және V1 -V2
тіркемелерде (75%) патологиялық Q- тісшесінің болуы мүмкін.
Диагнозды анықтауда ең маңыздысы –
ЭХО-кардиография. Бұл әдіспен эндокардтың қалыңдауы, қарыншалар қуысының тарылуы, қақпақтық өзгерістік диастола соңы қысымының биіктеуі, диастолалық көлемнің азаюы анықталады.
Емі:
Рестрикциялық кардиомиопатия нақты емі табылмаған, сондықтан патогенездік және симптомдық ем жүргізеді