ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік Фармацевтика академиясы Морфологиялық пәндер кафедрасы Презентация Орындаған: Түгелбай Ә. Тобы: 207 Б ЖМ Қабылдаған: Тоймбетова К.А. Тақырыбы: Бұлшықет тіндері. Қаңқалық бұлшық ет тінінің регенерациясы. Бұлшық ет тінінің жасқа және атқаратын қызметтеріне байланысты ерекшеліктері.
Шымкент 2017-2018ж.ж. Ж О С П А Р: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
Бұлшық ет ұлпаларына жалпы сипаттама
Бұлшық еттің физиологиялық қасиеті
Бұлшық ет ұлпаларының жіктелуі.
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
Қаңқалық көлденең бұлшықеттік ұлпалары
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары.
Жасқа және тіршілігіне байланысты бұлшық еттердің өзгерісі
ІІІ. Қорытынды. IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе Бұлшықет ұлпасы (textus mus- cularis; лат. textus — ұлпа, ткань; лат. musculus — бұлшық ет) — адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа Бұлшық ет - адамда, омыртқалы жануарларда және көптеген омыртқасыздарда денені қозғалысқа келтіретін мүше. Оның негізін бұлшық ет талшықтары құрайды. Бұлшық ет құрамы 75%-і су, 25%-і белок, май, углевод және минералдық тұздардан тұрады. Адам денесінде 400-ден астам бұлшық ет бар, олар дене салмағының 40%-тен астамын құрайды Бұлшық ет тіндері құрылысы мен шығу тегі әр түрлі болғанымен атқаратын қызметі ұқсас. Дененің ауыстыруы, жүректің соғуы, қан мен лимфаның жылжуы, асқазан, ішек бойымен тағамның жылжуы, несептік шығу, жатырдың жиырылуы (босану) т.б. қозғалыс-қимылдар ағзадағы жиырылғыш қызмет атқаратын ет тіндері арқылы жүзеге асады.Ет тіндерінің морфологиялық ерекшеліктеріне құрамындағы жасушалары – миоциттері мен талшықтарының ұзынша пішіні, бұлардың құрамындағы арнайы органеллалары – миофибриллалары мен миофиламенттері жатады. Сонымен қатар, ет тіндерінің миоциттері мен миосимпласттарының цитоплазмасында жасуша қосындыларынан гликоген, миоглобин мен липидтер, жиырылғыштық қызметке энергия қоры болып табылатын митохондриялары өте көп. Ет тініндегі миоглобин белогы бұлшық ет тінінің жиырылуы кезінде оттегімен байланысып, тіпті О2 артық қорын өзіне жинайды. Бұлшық ет тіндері -барлық түрлеріне ортақ жиырылғыштық қасиеті бар, құрылымдық элементтернің пішінін өзгертуі бойынша біріктірілген, бірақ шығу тегі мен құрылысы және жиырылу сипаты әр түрлі тіндер. Олар өздерінің жиырылғыштық қасиетінің арқасында қозғалысты қамтамасыз етеді.Жиырылғыштық қасиетінің болуы оларда актин және миозин ферменттерінің болуымен байланысты. Құрылысы 1 - бұлшықет талшығының қабықшасы; 2 - бұлшықет талшығының шоғыры; 3 - бұлшықеттің жуан талшықтары; 4 - бұлшықеттің жіңішке жіп тәрізді талшығы; 5 - оттегімен қамтамасыз етілетін жақсы дамыған бұлшықет талшықтары 6 - май басып, нашар дамыған бұлшықеттер. Бұлшықеттер - бұлшықетұлпасынан, тығыз және кеуекті дәнекер ұлпалардан, қантамырлары мен жүйке талшықтарынан тұрады.
Бұлшықеттердің негізін - көлденең жолақты бұшықет талшықтарының жіңішке шоғыры (пучки) құрайды . Бұл шоғырлардың сыртын дәнекер ұлпасы қаптайды. Көлденең жолақты бұлшықет ұлпасынан қаңқа бұлшықеттері, тығыз дәнекер ұлпасынан сіңірлер түзіледі.