Презентация Орындаған: Түгелбай Ә. Тобы: 207 б жм қабылдаған: Тоймбетова К. А


Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері



бет2/7
Дата18.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#118305
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
278407.pptx (1)

Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері Бұлшық ет қозғыш тіндердің бірі, демек, басқа қозғыш тіндерге тән қасиеттер - козғыштық, қозуды өткізу бұған да тән. Мұнымен бірге бұлшық еттің ерекше қасиеті - жиырылу. Ет тіннің қозғыштық, дәрежесі қозу табалдырығы арқылы анық-талады. Көлденең жолақты қаңқа еті жүрек етіне қарағанда қозғыштау келеді, яғни оның қозу табалдырығы әлдеқайда төмен болады. Бірыңғай салалы бұлшықеттің қозғыштық дәрежесі жүрек етінікінен де төмен, демек, ол бұлшыкеттің тітіркендіру табалдырығы бәріненде жоғары болады. Ет талшықтарының қозуды өткізу шапшандығы сомалық жүйке талшықтарынікінен көп төмен. Қозу ет талшығы сарколеммасын бойлай әртүрлі жылдамдыкпен, атап айтқанда: қаңқа етінде секундіне 3,5-14 м, жүрек етінде 0,9-1 м, ал бірыңғай салалы етте 0,5 мм-ден 5-10 см-дей жылдамдықпен тарайды. Ет тіні созылғыш (серпімді) келеді. Оның созылғыштығы резеңкеге қарағанда шүбәсіз, яғни босатқанда ет талшығының ұзындығы тура бастапқы созбай тұрғандағы қалпына келеді. Бұлшықеттің негізгі қызметі және физиологиялық қасиеті - жиырылып жазылу. Жиырылу белгілі бір тітіркендіргіш әсеріне берілетін жауап, яғни ет ұзындығының қысқарып қатаюы (тонусының жоғарылауы). Жүрек еті мен кейбір бірынғай салалы, яғни ішек, лимфа тамыры қабырғаларындағы еттердің автоматиялық қасиеті де бар. Қаңқа етінің мұндай қасиеті жоқ. Ол орталық жүйке жүйесінің әсерінсіз жиырылмайды. Қаңқа еті тұлғалық жүйке жүйесімен, оның ішінде ми қыртысымен байланысты болғандықтан олардың жиырылуы адамның еркіне байланысты. Жүрек еті мен бірыңғай салалы етгі адам (жануар) өз еркімен жиырылта алмайды, бұлардың жиырылып жазылуын және автоматиялық қасиетін вегетативтік жүйке жүйесі реттейді. Ет пен жүйке байланысы бұзылса немесе түрлі себептермен ет ұзақ уақыт жиырылмаса, ет талшықтары құрылымы өзгеріп, семіп қалады (атрофия).

Бұлшық ет тіні
Морфофункциональді
Гистогенетикалық
Морфофункциональді
Көлденең жолақты бұлшықет
Қанқалық бұлшық ет
Жүректің бұлшық еті
Бірыңғай салалы бұлшықет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет