Презентация Орындаған: Түгелбай Ә. Тобы: 207 б жм қабылдаған: Тоймбетова К. А



бет4/7
Дата18.10.2023
өлшемі1,29 Mb.
#118305
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
278407.pptx (1)

  1-миобласттық сатысы
Қоршаған эмбриондық бастамалардың индукциялық әсерінен миотом жасушаларының миогенез бағытында детерминацияға ұшырауынан басталады. Пайда болған миогенді промиобласт жасушалары дифференциялануға ұшырайды.
І-типті миобласттар-цитоплазмасы нәзік базофильді, органеллалары шамалы және полиферативтік белсенділігі жоғары жасушалар. Олар әрі қарай дамып миосимпласттардың қалыптасуына әкеледі.ІІ-типті миобласттар симпласттарға бірікпей, жеке түрінде қалып миосателлитоциттерге айналатын кішкене, созылыңқы пішінді, аз дифференцияланған жасушалар. Миосателлитоциттер қалыптасушы бұлшық ет жасушасының жанында орналасады.
2-миосимпласттық саты
Миобласттардың дифференциялануына байланысты. Миобласттар ұштарымен қосылып, көп ядролы құрылымдар-қысқа миосимпласттарды түзеді. Миосимпласттардың цитоплазмасында актин және миозин ақуыздарының синтезі басталады. Симпластта алғашқы және миофибрилдер пайда болады. Белсенді синтездік процестердің және жаңа миобласттардың қосылуы нәтижесінде миосимпласттар әрі қарай өсе береді. Миобласттардың бір-бірімен бірігуі өзара тануына байланысты және олар көрші бұлшық еттік емес жасушалармен бірікпейді.
 


3-бұлшық ет түтікшелер сатысы(миотубтар)
Симпласттардың ұзаруымен және цилиндірлік құрылым-миотуб -тардың қалыптасуымен сипатталады. Олардың орталық бөлігінің ұзына бойында ядролар тізбектеліп орналасқан. Саркоплазманың перифериясында орналасатын арнайы жиырылғыш органеллалар-миофибрилдердің саны өседі.
 
  4-кемелденген бұлшық ет талшықтарының қалыптасу сатысы
Саны көбейген миофибрилдер миотубтардың барлық дерлік көлемін толтырады. Бұл кезде миосимпласттың ядролары орталық бөлігінен перифериясына, яғни сарколеммасына ығысады. Кеш мезгілдік миотубтар сатысында тіректік құрылымдардың қатысуымен миофибрилдердің құрылысы ретке келтіріледі, синтезделетін миозиннің түрі ауысады, митохондриялардың саны өседі.Сөйтіп, көлдінің жолақты бұлшық ет талшығының қалыптасуы жасушалы орталығы мен түйіршікті ЭПТ-сының редукциясы мен жойлуымен және саркоплазмалық тор қалыптасуымен аяқталады.
 
Ал ІІ-типті миобласттар миосателлитоциттерге дифферен- цияланады. Бұл кезде жасушалар бөлінбейтін даму күйіне айналады. Ядролары тығыздалып, цитоплазмасында органеллалары азаяды. Нәтижесінде миосателлитоциттер жасушалары жалпайып, сарколемма мен базальды мембрананың арасында орналасады.Бұлар бүкіл онтогенез бойында аз дифференцияланған күйде сақталып, онтогенез барысында бұлшық еттің өсуін және регенерациясын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет