Уақытты үнемдеу мен тиімділікті арттыру үшін кез келген студент өзінің оқылым стратегиясын қалыптастыруы шарт . Оқылым стратегиясын арттыратын амалдарға мыналарды жатқызуға болады :
Оқу жылдамдығы ;
Негізгі сөздер мен тіркестерге шолу жасау ;
Параграфтарға шолу жасау .
.
Зерттеу - Мәтінді оқымас бұрын тақырыбын , тақырыпшаларын , мәтіндегі сурет , сызба , кесте астындағы сөздерді , мәтіннің кіріспесі мен қорытындысын және оның түйіндемесін мұқият оқып , зерттеп алу керек.
Сұрақ қою – Тақырыпты сауалға айналдыруға тырысу керек. Егер оқулық болса, бөлім соңындағы сұрақтарды оқыған дұрыс . «Мен бұл тақырып туралы осы кезге дейін не білемін ?» және «Бұл тақырып туралы дәрісте не айтылды?» деген сұрақтарды үнемі өз – өзінен сұрап отыру керек.
Оқу – Оқылым әрекетін бастаған кезде асты сызылған , қара мен жазылған немесе курсивпен жазылған сөздерге мән беру қажет . Себебі, автор негізгі ойлары мен қажетті ақпараттарды ерек-шелеп беруге тырысады . Мәтіннің қиын бөліктерін ақырын оқыған жөн (тек үнемі ақырын оқу дұрыс емес ). Түсініксіз сөздерді түсіну үшін түсіндірме сөздіктерді қолдануға болады, тек ӘР БІР СӨЗДІ тексеру қажет емес . Жалпы мағынасын контекс арқылы түсінуге тырысқан жөн . Басты мақсат зерттеу сауалының жауабын іздеу екенін ұмытпау керек .
.
Дауыстап оқу – Әрбір бөлімнен соң ДАУЫСТАП қазір ғана не оқығаныңызды өз – өзіңізден дауыстап сұрау керек . Әрбір бөлімге бір сөйлеммен қорытынды жазуға тырысу қажет . Қажетті деген сөздердің астын сызып және оларға түртпе жасаған ( немесе басқа қағазға толық сілтемесін көсете отырып жазып алу ) жақсы көмектеседі.
Қайталау - Оқығынды қайталау үшін мынадай амалдарды орындау қажет. Бірінші, мақаланы немесе болімді толық оқып болған соң қысқаша қорытынды жазу керек . Бұл қорытындыны мәтінмен бірге сақтап , мақаланы оқуды ешқашан ауызша және жазбаша қысқаша түсінгенін қайталамайынша аяқтамау керек. Емтиханға дайындалу барысында , оқулықтарды қайта оқып шығуға тура келеді .
Қорытыңдалай келе , оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді есте сақтау қажет :
Қорытыңдалай келе , оқылым әрекетін тиімді жүзеге асыру үшін мына кеңестерді есте сақтау қажет :
Мәтінді жылдам және түсініп оқу жанрына байланысты екенін ұмытпау;
Оқылым стратегиясын жетілдіру ;
Әрбір сезді басынан бастап қайталап оқудың тиімсіз екенін ескеру ;
Тақырыпты оқып , ол туралы осыған дейін білетін ақпарат тар туралы ойлану ;
Алдымен мәтінге көз жүгіртіп шыгу ;
Кіріспесі мен қорытындысын оқып шығу .
Академиялық хат әдіскерлері ұсынатын Еуропалық зерттеулер(European Studies) бағдарламасындағы эсселерді бағалау критерийлері