Жалпы академиялық жазылым талаптарына сәйкес студенттердің қазақ тіліндегі жазылым деңгейін көтеру
Академиялық бағытта жазылған мәтіннің негізгі ерекшеліктері:
Күрделі;
Формальды;
Нақты;
Объективті;
Шектеулі;
Жауапкершілікті.
№
Күрделі. Жазба тілі ауызекі тілге қарағанда біршама күрделі. Жазба тілінде күрделі сойлемдер мен сөз тіркестері және лексикалық мағынасы терең сөздер кеңінен қолданылады.
Формальды. Академиялық жазылым барысында әр түрлі қысқарған сөздер мен диалект, жаргон және т.б. Сол сияқты ауызекі сөйлеу барысында кездесетін сөздерді қолдануға болмайды.