Сауд Арабиясында тұрақты өзендер немесе ірі көлдер жоқ. Ауыл шаруашылығында дәстүрлі мал шаруашылығы - түйе, қой, ешкі, есек пен жылқы өсіру басым. Көшпелі бәдеуилер өз үйлерімен бірге бір жайылымнан басқасына көшіп-қонып жүреді.
Сауд Арабиясындағы климат тұтастай алғанда ыстық және құрғақ. Ауаның температурасы жаздыгүні 50°С-қа дейін жетеді, ал қыста аяздар да болып тұрады. Жауын-шашын аз. Ел астанасы Эр-Риядта жылына 85 мм мөлшерінде ғана жауын-шашын түссе, ол Асир тауларында үш-төрт есе көп болады.
Шөл даланың ортасында дөңгелек формасындағы егін алаптары созылып жатыр. Суару айналатын қондырғылар арқылы жүзеге асырылады. Негізгі дақылдар — бидай, арпа, құрма, көкөністер, бақша өсімдіктері мен жемістер.
Өңдеуге жарамды жерлер елдің оңтүстік-батысындағы Асир таулы ауданы мен корольдіктің солтүстігінде шашыраған шұраттарда ғана бар. Алайда суландырудың қазіргі заманғы әдістерінің арқасында егіншілік жедел қарқынмен дамып келе жатқан салаға айналады. Теңіз суын тұщыландыру кең көлемге ие болды.