Презентация Тақырыбы: Қалқанша без, қалқанша маңы безі және бүйрекүсті безінің функциясы бұзылған кезде туындайтын аурулар



бет1/5
Дата17.04.2023
өлшемі1,17 Mb.
#83512
түріПрезентация
  1   2   3   4   5
Байланысты:
279929.pptx

Презентация

Тақырыбы: Қалқанша без, қалқанша маңы безі және бүйрекүсті безінің функциясы бұзылған кезде туындайтын аурулар.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТІРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Морфологиялық пәндер кафедрасы
Орындаған: Құрманбек Ж.
Тобы: 101 «Б» ҚДС
Қабылдаған: Турекулова А.К.

Жоспар:

Кіріспе

  • Денедегі барлық құрылымдар арасында үздіксіз, уақыт және кеңістік тәртібімен түрлі жолдар мен тетіктер арқылы үнемі кең көлемде мәлімет алмасу жүріп отырады. Бұл мәліметтер гуморалдық жолмен жүреді. Қызметтердің гуморалды реттелуінде маңызды рольді ішкі сөлініс бездері, яғни эндокриндік бездер атқарады. Олар организмнің ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі сөлініс бездері жасап шығаратын заттар гормон деп аталады.
  • Эндокриндік бездердің сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан мен лимфа капиллярларымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді.
  • Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз,эпифиз,қалқанша,қалқаншасерік бездері,айырша без,бүйрекүсті,ұйқы және жыныс бездері жатады.

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

  • Мойын аймағында кеңірдектің алдында орналасқан қалқанша без(glandula thyroidea) – біршама ірі без. Екі бүйір үлестері, lobi dexter et sinister, төменгі шеттерінде жақын жерде бүйір үлестерін өзара қосатын қылтадан, isthmus тұрады. Бүйір үлестері жоғарғы бөлімімен қалқанша шеміршектің сыртқы бетіне еніп, оның төменгі мүйізі мен жақын жатқан бөлігін жабады, төменгі жағында бүйір үлестері кеңірдектің 5-6 сақинасына дейін жетеді.
  • Ересеектердің қалқанша безінің салмағы 20-30 гр. Балаларда 1,5-2 гр. Қартайған шақта оның салмағы кішірейеді. Без көлденеңінде 50-60мм, қылта деңгейінде 6-8мм.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет