Презентация тақырыбы: Қазақстандағы көмір өнеркәсібінің жағдайы



бет2/6
Дата02.06.2023
өлшемі24,07 Kb.
#98027
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Орындаған Рахимжанов Оразбек Бахтиярұлы Қабылдаған Гүлмира Сах-melimde.com

Тарихы


  • 1920 ж. кен орнында 125 жұмысшы істеп, олардың әрқайсысы айына 26 тоннадан көмір өндірді.

  • 19 ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында тағы да бірнеше кен орындары, соның ішінде Екібастұз көмір кен орны да ашылды. Бірақ олардың барлығынан алынған көмір небәрі 500 мың тоннадай ғана болды.

Қазақстандағы алғашқы көмір өнеркәсібі

Қазақстанда кеңестік көмір өнеркәсібі 1930 жылдан құрыла бастады. Осы жылы Қарағандыда алғашқы 4 шахта ашылды. Қарағанды көмір алқабында көмір өндірісін дамытуға үкімет тарапынан ерекше көңіл бөлінді.

Қазақстандағы алғашқы көмір өнеркәсібі


  • 1937 ж. Қарағанды көмір тресі 3,5 млн. т-дан астам көмір өндірді, мұның өзі 1936 жылмен салыстырғанда 10,1% артық еді. 2-дүниежүзілік соғысқа (1941 – 45) дейінгі кезеңде 23 шахта ашылып, олардан 6 635 мың т көмір алынды. Осы жылдарда Қазақстан Кеңес Одағында өндірілген көмірдің 4%-ын берді. Көмірді қазу, қопару жұмыстары толық механикаландырылып, жұмыстың 80%-дан астамы көмір қопарғыш машиналармен атқарылды. Жер астынан көмірді тасып шығару жұмыстарын механикаландыру деңгейі артты. Жұмысшылардың еңбек өнімділігі айына 42,6 т-ға дейін жетті.

  • Соғыс жылдарында Қазақстанда көмір өндіру көлемі шұғыл артып, жылына 12 млн. т-ға дейін (одақ бойынша 8%) өсті. Бұл кезеңде Қарағанды Кеңес Одағының негізгі отын базасына айналды.

Қазақстандағы алғашқы көмір өнеркәсібі


  • 1945 ж. 39 шахта мен 3 тілік жұмыс істеді.

  • Соғыстан кейінгі 10 жылда (1946 – 55) Қарағанды алабында жаңа шахталардың салынуы, Саран, Шерубайнұра тіліктерінің игерілуі, сондай-ақ, шағын шахталарды біріктірудің және көмірді ашық әдіспен алудың дамытыла бастауы нәтижесінде көмір өндіру 2 еседей артып, жылына 28 млн. т-ға дейін жетті. Салада аса өнімді комбайндарды, жер астынан дүркін-дүркін көмір таситын электровоздардың орнына толассыз конвейерлерді, механикаландырылған құралдарды пайдалану нәтижесінде көмір өндіру қарқыны арта түсті. Көмір тіліктерінде алымы аз бір шөмішті экскаваторлардың орнына, сағатына 5 мың т көмір өндіретін көп шөмішті роторлы экскаваторлар, паровоздардың орнына электровоздар қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет