Презентация тақырыбы: Бейсу дисперстік орталар. Сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар. Орындаған: Аманжолова Қ. Тобы: ФӨТҚБ-02. 22



бет1/4
Дата11.10.2024
өлшемі286,45 Kb.
#147758
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-37695


ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Бейсу дисперстік орталар. Сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар.
Орындаған:Аманжолова Қ.
Тобы:ФӨТҚБ-02.22
Қабылдаған:Нұрбаева С.
Шымкент 2024 жыл
Жоспар
  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім

  • 1. Бейсу ертінділер. Сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.
    2. Ұшқыш бейсу еріткіштер.
    3. Ұшпайтын бейсу еріткіштер.
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
  • Бейсу ерітінділері - құрылыстық бірлігі иондар мен молекулалар болатын гомогенді сұйық дәрілік түр. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерінде бейсу еріткіштер (спирт, эфир, өсімдік майлары және т.б.) қолданылады. Бейсу еріткіштерінің қолданылуы көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген.

Бейсу ертінділер. Сипаттамасы. Оларға қойылатын талаптар.
Бейсу ерітінділері сыртқа қолдануға арналған дәрілік түрлерге жатады:
  • кілегей қабаттарға жағуға;
  • тері қабатын сүртуге;
  • жууға;
  • шаюға;
  • ингаляция жасауға арналған ерітінділер;
  • құлаққа;
  • мұрынға арналған тамшылар.

Еріту;
Фильтрлеу;
Орамдау;
Безендіру.
Бейсу ерітінділерінің технологиясы:
Технологиясының ерекшеліктері:
  • ерітіндіні тікелей босататын құтыға дайындайды;
  • құты құрғақ болуы керек, себебі су спиртті сұйылтып, басқа еріткішпен араласпайтын дәрілік заттардың ерігіштік қасиетін төмендетеді;
  • құтыға алдымен еритін затты, содан соң еріткішті салады. Себебі мойны ылғалданған құтыға затты салу қиын, көп мөлшердегі, көлемді дәрілік заттарды (ұнтақтарды) құтыға воронка арқылы салады;
  • сусыз ерітінділерді қажет болған жағдайда ғана құрғақ мақта тампоны арқылы воронканы шынымен жауып сүзеді.

Дәрілік заттардың этанолдағы ерітінділерін дайындау сұйық дәрілік түрлерді салмақ-көлемдік әдіспен дайындау ҚР Үкiметiнiң 2012 жылғы 16 қаңтардағы № 60 «Дәрiлiк препараттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау қағидаларын бекiту туралы» Қаулысы, ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 109 бұйрығы «Этил спиртін сақтау мен өткізу (тиепжөнелту, қабылдап алу, 18.04.2000 ж. № 224 бұйрығының) қағидаларын бекіту туралы»
ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағы) нұсқауымен реттеледі. Егер рецептіде этанолдың концентрациясы көрсетілмесе, нұсқау (ҚР ДСМ 15.12.05 ж. № 142 бұйрығының 21 тармағы) талаптарына сай 90% этанол қолданылады. Тек йодтың 5% және 10% ерітінділері және баска да кейбір нормативті құжаттармен нормаланатын ерітінділер этанолдың басқа концентрациясында дайындалады (осы бұйрықтың 3 қосымшасы).
    • Ұшқыш еріткіштерге этанол, эфир, хлороформ жатады. Дәріхана практикасында кеңінен этанол қолданылады.

Ұшқыш
    • Ұшқыш емес еріткіш ретінде глицерин, өсімдік майлары, вазелин майы, соңғы жылдары - димексид, полиэтиленоксид-400 (ПЭО-400), силикондар қолданылады.

Ұшқыш емес
  • Бейсу ерітінділердің технологиясында қолданылатын еріткіштер олардың физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ұшқыш және ұшқыш емес бейсу еріткіштер деп бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет