Презентация тақырыбы: Бейсу дисперстік орталар. Сипаттамасы, оларға қойылатын талаптар. Орындаған: Аманжолова Қ. Тобы: ФӨТҚБ-02. 22



бет4/4
Дата11.10.2024
өлшемі286,45 Kb.
#147758
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-37695

Димексид SO - (CH3)2 - Dіmexіdum.
  • Димексид - диметилсульфоксид - күкірттің органикалық қосылысы, күкірт диоксидінің туындысы, молекуласындағы бір оттек атомы екі метил тобымен алмастырылған. Димексид түссіз, мөлдір сұйықтық немесе түссіз, өзіне тән иісі бар кристалдар, өте гигроскопты. Сумен барлық қатынаста араласады, 2:1 қатынаста сумен гидрат түзеді, бұл кезде көп мөлшерде жылу бөлінеді. Димексид ауырсынуды басатын, қабынуға қарсы және ыстықты басатын қасиеттері, сонымен бірге антимикробтық белсенділігі бар зат. Димексид эмульсиялар, линименттер, жағар майлар технологиясында кеңінен қолданылады. Димексид тығыз жабылатын ыдыста, қараңғы жерде сақталады.

сұйылту теңдеуімен
алкоголиметрлік кестелер көмегімен;
«Крест» ережесімен.
  • Фармацевтік технологияда өте жиі күшті этанолды сұйылтады немесе белгілі концентрациялы қоспа алу үшін, концентрациясы әртүрлі спиртті ерітінділерді араластырады. Қоймадан дәріханаға 95-96%-дық этанол түседі.

  • Спиртті сұйылтуға қажетті есептеулер келесі тәсілдермен жүргізіледі:
  • Сұйылту теңдеу бойынша:

  • мұндағы: х - күшті этанолдың мөлшері, мл;
    у - қажетті концентрациядағы этанолдың
    көлемі, мл;
    а - күшті этанолдың концентрациясы,%;
    b - қажетті концентрация,%.
  • Халықаралық СИ жүйесі бойынша:

дәрілік заттардың көбін жақсы ерітетін, еріткіштер талаптарына сай болатын, еріткіштер қатарын кеңейту;
дәріханалық практикада талаптарға сай емес еріткіштер орнына силиконды сұйықтықтарды енгізу;
сақталуын және қолдану ыңғайлылығын қамтамасыз ететін орамдауыш материалдарды жетілдіру;
дәріханаішілік дайындамалардың ассортиментін кеңейту, осыған байланысты дәріхана жұмысында кіші механизация құралдарын кеңінен қолдану.
Бейсу ерітінділерінің сапасын және технологиясын жетілдіру:
Қорытынды
Жалпы қорытындылай келе, ерітінді екі немесе оданда көп компонеттерден тұратын гомогенді жүйе. Ертінділер сұйық, газ, қатты заттардың сұйықтағы ертіндісі. Адамдар, жануарлар, өсімдіктер ертіндісіз өмір сүре алмайды. Ертінді еріген зат пен еріткіштен тұрады. Еріткіш еріген заттан көп болады. Көбінесе еріткіш ретінде су алынады. Сонын ішінде бейсу ертіндісі иондар мен молекулаларда болатын гомогенді жүйе. Еріткіш ретінде бейсу ерітінділерінде бейсу еріткіштер спирт, эфир, өсімдік майлары және т.б. қолданылады. Осы бейсу ертіндісінің нәтижесінде көптеген дәрілік заттардың суда ерімеуіне негізделген.
Пайдаланылған әдебиеттер
  • Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық – Шымкент. – 2008. – 436 б.
  • Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы: оқулық – Алматы: «Эверо», 2011. – 436 б.
  • Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілік түрлердің тәжірибелік технологиясы: оқулық – Алматы: «Эверо», 2016. – 385 б.
  • Анарбаева Р.М.. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы – Алматы: «Эверо», 2014 – 364 б.

Назар аударғандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет