Ұшқыш бейсу еріткіштер.
Этил спирті (этанол).
- Этанолды шартты түрде бейсу еріткішке жатқызады, себебі, тәжірибеде абсолютті этанол емес, оның спиртті-сулы ерітінділері қолданылады. Сулы спиртті ерітіндінің концентрациясын көлемдік пайызбен белгілейді және ол 200С температурадағы абсолютті этанолдың миллилитрмен берілген мөлшерін көрсетеді.
- Этанол мөлдір, түссіз, қозғалғыш, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, 780С температурада қайнайтын ұшқыш сұйықтық. Этанолда полярсыз заттар (органикалық қышқылдар, эфир майлары және майлар, камфора, ментол, йод, танин, левомицетин және т.б.) ериді.
Фармакологиялық индифферентті емес;
Дегидраттау, яғни заттардың суын өзіне тартып алу қасиеті бар;
Ұшқыш, оңай жанады;
Спирт пен суды араластырған кезде оның көлемі су мен спирттің көлемдерінің арифметикалық қосындысынан кем болады (контракция құбылысы).
Бірқатар артықшылықтарына қарамастан, этанолдың еріткіш ретінде, қолданылуы шектеулі. Себебі ол:
Хлороформ CHCl3 - Chloroformіum.
- Хлороформ – үш-хлор-метан - түссіз, мөлдір, қозғалғыш, өзіне тән иісі және тәтті күйдіргіш дәмі бар ұшқыш сұйықтық. Органикалық еріткіштерде (этанол, эфир, өсімдік майларында) жақсы ериді; суда аз ериді; глицеринмен араласпайды. Сондықтан, суда ерімейтін немесе аз еритін заттар: бензой қышқылы, бутадион, камфора, ментол, хлорбутанолгидрат, левомицетин және т.б. хлороформда ериді. Хлороформ, галоген туындылары сияқты, есірткі және дезинфекциялық (зарасыздандыру) қасиеттерге ие. Күшті әсер ететін затқа жатады, сондықтан оның қолданылуы шектелген. Хлороформ линименттер технологиясында кеңінен қолданылады. Этанолдан айырмашылығы - салмақ бойынша дозаланады. Хлороформ жақсы тығындалатын ыдыста, салқын, жарық түспейтін жерде сақталады.
Медициналық эфир C2H5-O-C2H5 - Aether medіcіnalіs.
- Медициналық эфир – диэтил эфирі - түссіз, мөлдір, жеңіл тұтанатын, қозғалғыш, өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, ұшқыш сұйықтық. Органикалық еріткіштермен: этанолмен, өсімдік майларымен, эфир майларымен жақсы араласады; суда 1:12 қатынасында ериді. Хлороформда еритін заттар эфирде де жақсы ериді. Хлороформ сияқты, эфир есірткі зат. Бейсу ерітінділер технологиясында эфир сирек қолданылады, тек қана басқа еріткіштермен бірге пайдаланылады. Ол салмақ бойынша дозаланады. Дайын дәрілік препараттар технологиясында эфир кейбір тұндырмалар мен экстракттарды дайындаған кезде және коллодий (Collodіum) өндірісінде қолданылады. Коллодий - коллоксилиннің спиртті-эфирлі ерітіндісі.
Достарыңызбен бөлісу: |