Презентация тақырыбы: Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім сапасын арттыру



бет3/9
Дата08.12.2022
өлшемі1,75 Mb.
#55808
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЕБҚЕБББА

ЕБҚЕ балаларды, оның ішінде мүгедек адамдарды қолдау жөніндегі негізгі құжаттардың бірі – Қазақстан Республикасында мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі ұлттық жоспарды бекіту туралы құжаты болып табылады. Ұлттық жоспардың мақсаты мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау кезінде, Қазақстанды 2030 жылға дейін әлеуметтік жаңғырту шеңберінде инклюзивті қоғамды қалыптастыру жөніндегі міндеттемелерді, Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялауға байланысты Қазақстан Республикасы қабылдаған міндеттемелерді іске асыру және Қазақстанды 2030-33 жылға дейін әлеуметтік жаңғырту шеңберінде барлық осал топтар үшін қолайлы орта құру арқылы инклюзивті қоғамды қалыптастыру болып табылады

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыны оқытуда мамандардың негізгі функциялары мен бағыттарын қарастырайық

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушыны оқытуда мамандардың негізгі функциялары мен бағыттарын қарастырайық

  • Педагог-психолог ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушының балалармен және ересектермен өзара әрекеттестік дағдыларын қалыптастырады. Коммуникативтік дағдыларды дамытады, тәртіп және танымдық ая бұзушылықтарының алдын алу және түзету бойынша іс-шаралар өткізеді және т.б.
  • Психологтың коррекциялық жұмысының негізгі бағыттарына жатқызуға болады:
  • - оқу тәртібін қалыптастыру;
  • - коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру;
  • - танымдық аяны дамыту;
  • - эмоциялық-тұлғалық дамыту.

Арнайы педагог ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда арнайы білімдерге ие маман болып табылады.

Арнайы педагог ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалармен жұмысты ұйымдастыруда арнайы білімдерге ие маман болып табылады.

Арнайы педагог сынып мұғаліміне білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар қажеттіліктеріне және дидактикалық материалдар адаптациясына:

  • есту қабілеті бұзылған балаларға көрнекі материал қолданылады;
  • көзі нашар көретін балаларға Брайль шрифтімен басылған материал, үлкейтілген шрифтпен жазылған материал, аудиоматериал қолданылады;
  • интеллекті төмен балаларға арнайы жасақталған оқулықтар мен ОӘК қолданылады) қажеттіліктеріне жауап беретін білім беру ортасын құруда қолдау көрсетеді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет