Қазіргі кезеңде инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында педагогтар келесі білім беру технологияларын қолданады
Қазіргі кезеңде инклюзивті және арнайы білім беру жағдайында педагогтар келесі білім беру технологияларын қолданады
ойын технологиялары (Ойын оқыту, шығармашылық, терапия, қарымқатынас моделі ретінде)
жеке тұлғаға бағытталған технологиялар (тәрбиелеу мен оқытудың барлық жүйесінің орталығына баланың тұлғасын, отбасы мен мектепте қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуді, дамудың тиімді жағдайларын қамтамасыз етуді, сақталған табиғи әлеуеттерді дамыту мен жетілдіру)
жобалық қызмет технологиялары (процеске қатысушылардың бірлескен қызметіне бағытталған: білім алушы – педагог, білім алушы – білім алушы, білім алушы – ата-ана)
зерттеу қызметі технологиясы (мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілетін қалыптастыру мақсатын көздейді)
проблемалық оқыту технологиясы (проблемалық жағдайларды құруды және педагогтың басшылығымен оқушылардың оларды шешу бойынша белсенді дербес қызметін көздейді)
дамыта оқыту технологиясы (баланың рефлексивті қабілеттерін ынталандыру, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау дағдыларына үйрету мақсатында білім алушылардың зерттеу және іздеу қызметін ұйымдастыру арқылы міндеттерді шешу тәсілдерін іздестіруде педагог пен оқушылардың өзара іс-қимылын болжайды)
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
ЕБҚ бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қолданылатын Г.В. Федина келесі әдістерді көрсетеді: