Кеуде қуысының жоғарғы апертурасы — apertura thoracis superior, төменгі апертураға қарағанда шағын келген. а) алдында: төс сүйегінің тұтқасының жоғарғы жиегімен; ә) артында: 1-кеуде омыртқаның денесімен; б) бүйір қапталы: 1-қабырғаменшектелген. Бұл апертураның сыртқы пішіні көлденең жазықтықтың бойында сопақша болып, артынан алға қарай қиғаш, еңкіштеу бағытта орналасқан. Төс сүйегі тұтқасының жоғарғы жиегі 2-3 кеуде омыртқалардың аралығындағы деңгейге сәйкес келеді.Кеуде қуысының төменгі апертурасы — apertura thoracis inferior, алдында: төс сүйегінің семсерлік ұшымен; бүйір қабырғасы: қабырғалардың шеміршектік бөлігінің доғасымен және XI, XII қабырғалардың шеміршектік бөлігіғгің фиброздық ткандарымен; артқы қабырғасы: 12-кеуде омыртқаныңденесімен шектескен. Төс сүйегінің семсерлік ұшы қабырғаның доғасы-мен бірлесіп, төмен қарай бағытталған төменгі төстік бұрышты — angulus infrastemalis, құрай-ды.Кеуде торының жалпы пішіні адамның жас ерекшеліктеріне байланысты: жалпақ, цилиндр, конустәрізді болып келеді.Кеуде торы енсіз ұзын болып келген адамдарда: кеуде торы кең адамдарға қарағанда, төстік бұрышы жіңішкелеу және қабырға аралығы алшақтау келеді.Кеуде қуысы ер адамдарда, әйел адамдарға қарағанда, ұзындаужәне кендеу немесе конус тәрізді болып келеді. Сыртқы пішіні жасына және жыныстық ерекшеліктеріне қарай өзгермелі келеді.
Тұтас кеуде торы, thorax кеуде қуысын шектеп тұрады, ол жерде жүрек, өкпелер, кеңірдек, өңеш, ірі қан тамырлар мен нервтер орналасқан. Пішіні жағынан жоғарғы жағы тар, төменгі жағы кең, қиылған конус тәрізді. Екі тесігі немесе апертурасы бар- жоғарғы және төменгі. Жоғарғы тесігі І – ші кеуде омыртқасының денесі, І – ші жұп қабырғалар және төстің жоғарғы қырымен шектелген. Ол жерде өкпелердің ұштары шығып тұрады. Ал төменгі тесігі 12 – ші кеуде омыртқаның денесі, қабырға доғалары және төстің семсер тәрізді өсіндісімен шектелген. Ол кеуде қуысы мен іш қуысының аралығындағы диафрагмамен жабылған. Кеуде торының қалыпты жағдайда 3 пішіні бар: жалпақ, конус тәрізді, цилиндрлі. Бұлшықеттері мен өкпесі жақсы дамыған адамның кеуде торы кеңейіп, бірақ қысқарып, конус пішінге ие болады. Мұндай кеуде торы тыныс алу күйінде тұрған сияқты болады, сондықтан оны инспираторлық д/а. Ал мускулатурасы мен өкпесі нашар дамыған адамның кеуде торы тар және ұзын жазық пішінді, алдыңғы - артқы диаметрінде қатты жайпақтанғандықтан, оның алдыңғы беті тік дерлік тұрады, қабырғалары тым иілген, кеуде торы тыныс шығаратын күйде сияқты, сондықтан респираторлық д/а. Ал цилиндрлі пішін екі пішіннің аралығында болады. Әйелдердің кеуде торы ерлердікіне қарағанда қысқалау және төменгі бөлімінде тарлау және жұмырлау болады. Жаңа туған баланың кеуде торы жан -жағынан жаншылған, көлденең көлемі алдынан артқа қарағанда кіші немесе тең.Кеуде торының пішініне әлеуметтік жағдайлар да әсер етеді. Мысалы, балалардың рахит ауруы кезінде кеуде торы «тауық кеудесі» пішініне ұқсайды, алдыңғы – артқы шамасы басым болып, төс тауықтың кеудесі сияқты қалыптан тыс шығып тұрады.