Презентация Тақырыбы: Мәдениет рәміздері және олардың



бет4/7
Дата08.11.2022
өлшемі126,66 Kb.
#48501
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
аяулым психология 10 срс

Материалдық мәдениет өзіне шаруашылық және экономикалық мәдениетті қосады. Кез-келген мәдениет көп қырлы және көп жүзді, оның мазмұны әр түрлі түрлермен көмкерілген. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдарда бұл әр алуандылық адамзат қарекетінің түрлерінің негізінде жиірек құрылымданады, кейде оларды мәдениеттің шығармашылық өрістері деп атайды.

Әдетте материалдық мәдениетке адамның материалдық-өндірістік қарекетін жатқызады және оның нәтижелерін — еңбек құрал-саймандарын, мекен-жайын, күнделікті тұрмыс заттарын, киімді, транспорттық құралдарын, практикалық қызмет тәсілдерін, өндіріс және тұтыну құралдарын және т. б. 


Рухани мәдениет рухани өндірістің өрістерін (идеялар өндірісі, білімдер, рухани кұндылықтар) және олардың ғылымда, философияда, дінде, өнерде, адамгершілікте және т. б. іске асырылған нәтижелерін қамтиды.Материалдық мәдениеттің өмір сүруінің негізі адамның материалдық-жасампаздық қарекетінің нәтижесі болып келеді. Кез-келген зат екі жақты сипатта, өйткені бір уақытта екі әлемге — табиғи және мәдени әлемдерге жатады. Негізінде заттар табиғи материалдардан шығарылады, ал мәдениеттің бөлігі болып олар адамдардың өңдеуінен кейін саналады. Нақ дәл осылай біздің алғашқы аталарымыз әлдеқашан тасты — кескішке, таяқты — найзаға, өлтірген аңның терісін киімге айналдыра алды.
Бірте-бірте мыңдаған жылдар бойы заттардың әр түрлі құнды қасиеттері оқшаулана бастады, өз кезегінде ол заттардың екі топқа бөлінуіне — пайдалылық, таза материалдық және салт-жоралар мақсаттарында қолданылатын заттық-белгілерді әкелді. Олардың арасында жалаулар, мемлекеттік елтаңбалар, ордендер және т. б. Әйткенмен де, — бұл топтардың арасында ешуақытта бір-біріне өту бөгеттері болмады, заттарды өздерінің тікелей мақсаттылығымен ғана байланысты қолданылып қойылған жоқ. Мысалы, шіркеулерде осылай шоқыну ырымына арналған арнайы купельдерді қолданады, бірақ қажетті жағдайларда оның мөлшеріне сәйкес кез-келген лайықты ыдыспен ауыстыра салуға болатын болған. Яғни, кез-келген зат өзінің мәдениеттік мәтінімен байланысты болса да белгілі функциясын сақтай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет