Тіптен кей жағдайда құбылыстар мен заттардың мәдениеттің материалдық немесе рухани жақтарының қайсысына жататындығының өзі айқын болмай түсінуге өте күрделі болып келеді. Мысалы, кітап, даусыз рухани мәдениеттің заты, бірақ оны отынның орнына ошақта жағу үшін де қолдануға болады. Олай болса, мәдениеттің заттары өздеріне белгіленгендерді алмастыра алады. Демек, материалдық және рухани мәдениеттерді ажырата алу үшін белгілі бір шама, өлшемдер енгізілуі тиісті. Бұл жағдайда заттың мәндік және белгіленуін қолдануға болады — егер зат немесе құбылыс адамның алғашқы (биологиялық) қажеттіліктерін қанағаттандырса онда оны материалдық мәдениетке жатқызуға болады, егер ол екінші қажеттіліктерді қанағаттандырса және адамның қабілеттілігін дамытумен байланысты болса, онда ол рухани мәдениетке жатады.
Сонымен қатар, материалдық және рухани мәдениеттің арасында өтпелі түрлер бар. Бұл белгілер туралы, өздерінің көрністерінен тіптен басқаша бола тұрып, нақты мазмұны рухани мәдениетке жатпайды. Сондай белгілердің бір түріне ақша белгісі жатады, сонымен қатар адамдар қолданылатын қызметтерді белгілеуге арналған әр түрлі талондар, жетондар, квитанциялар және басқалар. Мысалы, ақшалар — тауарларды айырбастау кезінде жалпыға бірдей балама ролін атқаратын ерекше тауар, біз оларды тағамдарды немесе киімді (заттық мәдениет), сатып алуға жұмсай аламыз, ал оларға театрға билет немесе мұражай сатып алуға (рухани мәдениет) болады. Басқаша айтқанда, қазіргі заман қоғамында ақшалар материалдық және рухани мәдениеттің арасында жүретін әмбебаб делдал болып келеді. Бірақ осының өзінде қауіп-қатерлік жасырылған, өйткені олар бұларды өзіндік ерекшеліктерінен айырып теңестіріп жібереді, әсіресе рухани мәдениетті.