Мұнайдың микроэлементтік құрамын зерттеу оның генезисі туралы түсінікті қалыптастыруда ерекше роль атқарады. Мысалы, порфириндерді мұнайға өсімдіктер мен жануарларлардан ауысқан қалдық компоненттер деп қарастырады.Порфирин-дегідей комплекс хлорофилл және гем сияқты биологиялық заттардың құрамында болатындығы белгілі. Алайда, бұл заттардың комплексінің құрамына Ni мен V емес, Mg мен Fe кіреді. Содықтан, никель мен ванадий мұнайдың құрамына оның жаңа пайда болуы кезеңінде – тұнбалық шөгінділерден енген деп есептейді.