Индукция – жекеден жалпыға қарай жасалатын ой қорытындысы, мәселен, оттегі болмаған ауада өсімдік өсе алмайды, сондай-ақ оттегі жоқ ауада жануарлар да, адам да тіршілік ете алмайды.
Аналогия – ұқсастық бойынша ой қорытындыла-рын жасау. Мәселен, И.Ньютон бүкіл әлемдік тар-тылыс заңын топқанда, ой қорытындысының осы түріне сүйенген. Ол жер үстіндегі денелердің қоз-ғалуы, әсіресе құлауы мен аспан денелерінің қозға-луы арасындағы ұқсастықты түсіндіруде анало-гияны келтіреді.
Дедукциялық ой қорытындысында бала өзі білетін нақтылы фактілерді, байланыстарды, қатынас-тарды сол жалпы заңдылықтарға негіздей ұғуға тырысады.
Ойлау – аса күрделі психикалық процесс.
Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысқан. Бұлар-дың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Психология түрлі жас мөлшердегі адам ойының пайда болуы,дамуы,қалыптасуы жолдарын,яғни жеке адам-ның ойлау ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарас-тырса, логика – бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекеті-нен заңдары мен формаларын айқын-дайды, адам ойы-ның нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел,ой формаларының табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшеліктерін таным мен ой процесінің сатысы ре-тінде зерттеу, ойлаудың білім мен тікелей байланыс-ты екендігін көрсетеді.
Ойлауды дамыту – оның мазмұны мен формасын өзгерту болып табылады. Пси-хологияда ойлаудың үш түрі қарастырыла-ды.
1.Практикалық іс-әрекеттілік.
2. Көрнекі-бейнелік
3.Сөздік – логикалық.
Ойлаудың барлық түрлері мен формаларын дамы-ту практикалық іс-әрекеттік, көрнекі - бейнелік, сөздік-логикалық.
Ойлау амалдарын қалыптастыру және жетілдіру /анализ, синтез, салыстыру, жалпылау, классифи-кациялау/ т.б.
Заттың мәнді белгілерін ажырата білуін дамыту.
Қоршаған орта құбылыстары мен заттары, қа-тынастары мен маңызды байланыстарын табу.
Өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеу.
Өз ойын анық, жүйелі, қарама-қайшылықсыз және негізді түрде баяндау.
Ойлау тәсілдері мен амалдарын бір саладан екін-шіге көшіре білу.
Құбылыстың дамуын көре білу, негізделген қо-рытынды жасау.
Формальды логикаға негізделген ойлаудан, диа-лектикалық логикаға негізделген ойлауға көшу процесін стимулдау.
Оқушылардың оқу және оқудан тыс іс-әрекет-терінде формальды және диалектикалық логика заңдары мен талаптарын қолдану дағдылары мен біліктіліктерін жетілдіру .