Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы тек оқу про-цесінде ғана емес, жеке тұлғаның жан-жақты да-муына да көмегін тигізеді. Ойлау мәдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным процесі барысында қалыптасады. Ойлау аппаратының дамуы арқылы адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мәселе-нің түп мәніне тереңірек үңілуге мүмкіндік алады.
Ақыл-ой еңбегі мәдениеті ойлау мәдениеті сыншыл ойлау мәдениеті.
Осылайша, оқу бағдарламаларына сәйкес білімді меңгеру оқушыдан күрделі ақыл-ой еңбегін, жақсы есті дамыған қиялды және оқуға шығармашылық тұрғыдан келуді талап етеді.
Нейрондық
кодтар
Ойлау операция-
Сының бірліктері
ОЙЛАУ
Психиканың
қызметтік жүйесін
ұйымдастыру
Шешім қабылдау
деңгейлері
Шешім
қабылдау үшін
Іздестірілген
мүмкіндіктер
Шешім қабылдаудың психофизиологиялық тетіктері
Ойлаудың нейрондық өзара
байланыстылығы
Психолог А.Н.Леонтьев оқушылардың ақыл-ойын да-мыту мен оқыту өзара байланысты екенін атап көрсет-ті.
Оқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамы-туға ықпал етуге болады:
1.Ойлаудың икемділігі.
2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі.
3.Ойлаудың сынилығы.
4.Ойлаудың мақсаттылығы.
5.Ойлаудың жалпылығы.
6.Ойлаудың өз бетіншелдігі.
7.Анықтылығы,дәлелдігі.
Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мә-дениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциа-лын дамытуға көмектеседі.
Қорытынды
Ойлау жеке дара ерекшеліктерін әңгімелей отырып. Келесі жәйтті естен шығаруға болмайды: ой толғайтын мидың өзі емес, адам біртұтас тұлға. Талай даналық ойлардың пайдасыз болжам деңгейінде қалып жатқанының куәсіміз, сондықтан әрқашан ұшқыр ойдың жасампаз, белсенді әрекетпен ұштасқаны, әр адамның өз дарынды қызметін пайдалы өнімді еңбек әрекетіне жұмсағаны жөн.