«Кодекс куманикус». Алтын Орда дәуірі жазба ескерткіштерінің бірі - «Кодекс куманикус». «Кодекс куманикус» латын тілінен аударғанда «кумандар жинағы» (кітабы) («қыпшықтар жинағы») деген мағына береді. «Куман» деп европалықтар қыпшақтарды атаған.Қолжазбаның түпнұсқасы готикалық деп аталатын көне жазумен жарияланған. Авторы белгісіз. Қолжазба Венециядағы Марк әулие кітапханасында сақталған. Оны кітапханаға ақын Ф.Петрарка 1362 жылы сыйға тартқан. XIII ғасырдың екінші жартысында құрастырыла бастап, ХІV ғасырдың басында (1303 жылы) аяқталған кітап.

Атақы ориенталист Г.Кун 1880 жылы қолжазбаның екі бөлімін де толық латын тіліне тәржіма жасап Будапешт қаласында бастырып шығарды.Бұл кітап 1884 жылы Санкт-Петербургте неміс тілінде шықты. Оны неміс тіліне аударған В.Радлов еді. 1887 жылы В.В.Радлов Петербургте “Кодекстің” кейбір бөлімдерін орыс алфавиті үлгісінде үшінші рет бастырып шығарады. Дания ғалымы К.Гренбек қолжазбаның түпнұсқасын (факсимилесін) 1936 жылы жеке кітап етіп бастыртып шығарды.1950 жылдан бастап бұл еңбекті қазақ ғалымдары да зерттей бастады. 1978 жылы “Куманша-қазақша жиілік сөздік” деген атпен қазақша тұңғыш басылымы жарық көрді. Бұл кітапты тұңғыш рет қазақ тілі тұрғысынан егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ә.Құрышжанов болды.