Болашақ педагог-психолог студенттер бойында оқыту мен тәрбиелеудің, өзін-өзі жетілдірудің өнерін үнемі жетілдіріп отырудың қажеттілігін қалыптастыру. Сонымен қатар, студенттің өз бойындағы осы жұмысқа бейімділігін, қызығушылығын байқату, әрі қарай шығармашылықпен іскерлік қабілетін дамытуға әрекет жасау.
Курстың міндеттері:
мұғалімнің жеке тұлғалық ерекшелігін, мұғалім бойындағы ізгі адамгершілік қасиеттерін таныстыру, еліктету;
мұғалім мамандығына қызығушылығын арттырып, оған деген бейімділігін күрделі істерге жалғастыру;
мұғалімнің білім беруді, мектепті, тәрбие жұмыстарын басқару шеберлігін, іскерлігін байқату, қызықтыру;
мұғалім еңбегінің қиыншылықтары мен жетістіктеріне байланысты, оқушы мен мұғалім, мұғалім мен ата-ана, мұғалім-оқушы-басшы арасындағы ынтымақтастық пен түсініспеушіліктің алдын алу шараларын ұйымдастыру.
Педагогикалық шеберлік компоненттері
Педагогикалық
техника
Гуманистік бағыт
Кәсіби білім
Педагогикалық қабілет
Аудиторияға ықпал ету ерекшеліктері
Педагог
Тәрбиелік ықпалды арнайы, бағдарлы жоспарлы түрде, арнайы мекемелерде жүзеге асырады. Аудиториясы шектеулі: Тәрбиелік қызметімен қатар білімдендіру қызметін атқарады.Педагогикалық этика мен ұстанымдарын басшылыққа алады
Актер
Тәрбиелік ықпалды жоспарлы түрде жүзеге асырмайды. Аудиториясы ауқымдығы жағынан кең. Білімдендіру қызметі мен міндетіне кірмейді. Өз мамандығына тыс ұстанымдарға сүйенбейді.
Аудиторияға тәрбиелік ықпал ету. Көпшілік санасына әсер ете алу қабілеті. Коммуникативтілік, харизма, амбиция көпшілік зейінін өзіне аударта білу. Қоғамдыық көзқарасты өалыптастырушы
Сыртқы келбеті
Вербалды және вербалсыз қарым қатынас
Имидж
Танымдық сфера
Киіну мәдениеті ресми; жүріс тұрыс мәдениеті; дене бітіміне, сыртқы келбетіне ұқыптылықпен қарау; жағымды эмоционалды фон басым болуы; жағымсыз эмоцияны жасыра білу
Сыпайы, әдепті, мәдениетті өзін өзі ұстай білу; субординацияны сақтай булі; дикция, сөз тембрі, интонацияға баса көңіл бөлу; сабырлық таныту
Белгілі кәсіби ұстанымдарды ұстану; “авторитарлы тұлға” емес “демократ тұлға” келбетін имиджін қалыптастыру; ресми және бейресми лидер қызметін атқара білу; өзіне сенімді әділетті тұлға имджін қалыптастыру
Жан жақты ақпаратталған; өз көзқарасын анық және тиянақты жеткізе алу; оқушылар зейінін өзіне қарата білу; білімін үздіксіз жетілдіріп отыру; әр баланың тұлғасына жағымды әсер ету.
Педагогикалық шеберлік ерекшеліктері
Бүгінгі жас ұрпаққа жан жақты білім беру, тәрбиелеу әрбір ұстаздың басты міндеті. Қайсыбір мұғалімдер сабақтың жаңа түрін пайдаланса, кейбіреулері жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесін қолданады. ХХ ғасырдың басында Ж.Аймауытов: “Сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер” деген. Ең бастысы оқушының шығармашылық қабілетін дамыту негізгі ұстаным. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық мүмкіндік тұғызу, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету. Педагог міндеті оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Мектепте және кез келген оқу орнында қазіргі уақыт талабына сай сапалы білім беру.
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру
Оқытушы мен білімгердің арасындағы оқу тәрбие жұмысын жүзеге асыруға қажетті маңызды психологиялық ахуал жасайтын, болашақ мамандардың кәсіпке бейімделуін шыңдайтын кәсіптік мамандық қатынасының түрі.
Педагогикалық қарым қатынасты ұйымдастыру кезеңдері
Қарым қатынасты моделдеу
Тікелей қарым қатынасты ұйымдастыру
Қарым қатынасты меңгеру
Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау
Қарым қатынасты моделдеу
Бұл кезең алдағы сабақтың мазмұнымен және әдістемелік компоненттерімен тығыз байланысты болады. Әрбір топта қарым қатынас үрдісінің өзгешелігі болады, сол топтағы сабақтың да өтілуіне қарым қатынас әсер етеді. Сабаққа әзірленудің белгілі үлгісі мынадай; бағдарламамен танысу, материалды сұрыптау, оқыту мен тәрбиелеу тәсілдерін белгілеу, бұған қоса алдағы уақыттағы қарым қатынасты ұйымдастыруды болжау, оның үстіне мұның соңғы айтылған аспектісі қалған барлығына, соның ішінде оқыту тәсілдеріне де ықпал етуі мүмкін
Жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау
Педагогикалық қарым қатынастың төртінші кезеңі жүзеге асырылған қарым қатынасты талдау. Оқытушы қарым қатынастың осал жақтарын да айқындай білуге, білімгерлермен өзара әрекет жасаудағы байланысына қаншалықты қанағаттанғандығын талдап, ұжыммен алдағы болатын қарым қатынас жүйесін жоспарлауы тиіс.