Ет өнімділігі бағытындағы тауықтар негізінен бройлер өндіру үшін өсіріледі,аталық түр ретінде корниш тұқымы,аналық түр ретінде ақ плимутрок пайдалынылады.
Корнуэлльскілік тауықтар (корниш) Англиядағы корнузлл графында жергілікті жігерлі малайскі және азил тұқымды тауықтарды будандастыру жолымен өсірілді. Қауырсындарының түсі бойынша бұл тұқымның қоңыр,ақ,қызыл және сұрғылт сияқты бірнеше түрлі болады.Ақ корништер балапан-бройлерлер өндіру үшін аталық түр ретінде пайдаланып,басқа тұқымдармен будандастырған кезде,олар өздерінің еттік жоғары сапаларын ұрпақтарына жақсы дарытады.сондықтан олар бройлерлік өнеркәсіп дамыған елдерде (Ақшта,Англияда,Канадада,Жапонияда,Францияда және басқа елдерде)өсіріледі.