Бұл тұқымды тауықтың төс және сан еттері өте жетілген ересек тауықтары -3,3-3,8кг,әтештері -4,5-5,0кг салмақ тартады. Корниш соншалық көп жұмыртқаламайды –жылына әрқайсының салмағы 58-60г келетін 110-130 ғана жұмыртқа табады. Жұмыртқа қабығы қоңыр түсті,бұл тұқымды тауықтың жынысы 6 айлығында жетіледі. Балапан басу инстинкті жақсы дамыған,жұмыртқаның балапан басып шығаруы тым жоғары емес,орта есеппен тұқым бойынша бұл көрсеткіш 63-70 пайыз. Корништер аталық түр ретінде пайдалану бройлерлер алуға мұмкіндік береді. Олардың әрқайсысы 49 күндігінде 1,5-1,7кг салмақ тартып,өсімнің 1 кг-на 2,2-2,5 кг құрама жем жұмсалады.