Презентация Тақырыбы: XIV ғасыр – XVIII ғғ. бас кезіндегі Қазақстанның қалалық мәдениеті


Отырар – Орталық Азияның ең ежелгі қалаларының бірі



бет3/5
Дата25.11.2023
өлшемі12,23 Mb.
#126794
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Отырар – Орталық Азияның ең ежелгі қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенсек, көшпенділер мұнда V-ші ғасырдан бастап өмір сүреді, бұл кезенде ол Фараб деп аталған. Шығыстың ең атақты философтарының бірі – Әбу Насыр Әл-Фараби, осы қалада туып өскен. Бірнеше ғасыр бойы, Ұлы Жібек жолының керуендері осы қала арқылы өткен. Араб ғалымдары өз еңбектерінде, оны Қазақстанның ғана емес, сонымен бірге, Орталық Азияның сауда және мәдени орталығы деп санаған. XIII ғасырдың басында, Отырар қаласы 200 мың тұрғыны бар, жоғары маңыздылыққа ие қалаға айналды. Ол Хорезмшах империясының құрамында болды. Алайда, 1218 жылы қаланың билеушісі қонақжайлылықтың барлық заңдарын бұзып, Шыңғыс ханның елшілерін өлтіріп тастаған. Бұған моңғол ханы қатты ашуланып, өз әскерімен Орта Азияға аттанды. Нәтижесінде, Отырардың барлық тұрғындары өлтіріліп, қала өртеліп жіберілді.

XVIIғ. – XVIIIғ. басында мәдениеттің кері кетуі.

ХҮ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті қазақ халқының тек арғы тектерінен келе жатқан әдет-ғүрыппен ғана шектеліп қоймай, өз бойына өзге де елдердің мәдени қүндылықтарын жинақтаған өзіндік ерекшелігі бар мол мүра. Қазақстан жерінде түркі және иран тілдес мәдениеттердің өзара ықпалы орын алды. Қазақ еліне ислам дінінің енуіне байланысты халқымыздың мәдениеті ислам өркениеттің қүнды жағын қабылдады. Қазақстанның орасан зор аумағында мәдениет біркелкі дамыған жоқ. Осы кезеңде мәдениетінің кейбір ерекшеліктері көшпелі және отырықшы халықтардың түрмыс-салтына байланысты болды. Отырықшы халықтар жаздың ыстық кезінде түрақты мекендерін қалдырып, салқын түсе оған қайта оралды. Малшылар өздерінің түрағын жылдың әр маусымына қарай өзгертіп отырды. ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Қазақстан халқының көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын басым бөлігі көшіп-қонуға ыңғайлы баспаналарда тұрды. Мүндай үйлер озінің сыртқы түрі, көлемі мен құрылымы жағынан бір-бірінен өзгеше. Жылдың жылы маусымында өздерімен бірге алып жүретін жылжымалы түрақтарда, ал салқын кездері жылы түрғын үйлерде, яғни жер үйлерде, шошалада тұды. Қазақтардың жазғы баспаналары киіз үй және жылжымалы күйме болатын.


ХҮ-ХҮІІ ғасырлар кезеңі қазақ халқы мәдениетінің тарихында ерекше орын алады. Тап осы кезде халықтың ауыз 111 әдебиеті, жазба әдебиеті, шынайы музыка өнері қалыптасты. Қазақтардың рухани мәдениетінің дамуы жалпы халықтын. өркениетінің өркендеу дәуірі болып табылады. Қазақтың суырып салма поэзиясы ауыздан ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жетті. Қазақ поэзиясында суырып салмалылықпен қатар жазба әдебиеті дамыды. Қазақтар ақын деп кез келген тақырыпқа суырыпсалма өлең шығаратындарды айтты. Ақындар қолдарына қобыз немесе домбыраны үстап, ел аралап өздерінің әндерін халық ішіне таратты және үлкен мерекелерде бір-бірімен айтысқа гүсті. Олар халық арасында үлкен бедел мен құрметке ие болды. Ақындар жырының тақырыптары әр түрлілігімен ерекшеленді. Былайша айтқанда, ақын дегеніміз халықтың поэтикалық мұрасын айтушы, сақтаушы, лирикалық эпосты жырлаушылар. Сал-серілер тек суырып салма ақын ғана емес, сонымен бірге сазгер, әнші, әннің сөзін өзі жазатын ғажап дауысты адамдар болған. Серілердің әндері нәзік иірімдерімен, өзіндік түрлерімен ерекшеленеді. Ал салдардың әндерінде еркелік пен әзіл қатар жүреді. Қазақтың белгілі сал-серілері өз ғүмырында ел аралап халықтық салтанаттарға қатысқан.
Қазақтардың 20-дан астам музыкалық аспаптары болған, оның ішінде шертер, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, аса таяқ, дауылпаз, қобыз, домбыра және т.б. бар. Қазақтар шертпе, үрмелі, қағу аспаптарында ойнаған және өр алуан музыкалық шығармаларды дүниеге келтірген. Сөйтіп, ХҮІ-ХҮИ ғасырларда қазақтың рухани мөдениетінің негізгі элементгері қалыптасып, өркен жайды. Бұқара халық ауыз әдебиетінің ғажайып туындыларын, өзіндік қолтаңбасы бар сәулет өнерінің ескерткіштерін, музыкалық жөне қолданбалы өнер туындыларын дүниеге әкелді.
XVIII ғасырдың бірінші ширегінде Қазақстанның, Жоңғарияның, Еділ бойының, Орал маңының, Батыс Сібір мен Орта Азияның барлық этномәдени кеңістігін камтыды. Енді осыған кеңірек тоқталайық. XVIII ғасырдың басында Ургадағы жоғары биліктің ауысуы казак даласына жоңғарлар тарапынан сотық қаупін төндірді. Жоңғар шапқыншылықтары бірінен соң бірі жалғасты (1711, 1715, 1717, 1718, 1719 жылдары). Ру-тайпалық және феодалдьщ талас-тартыстар жүріп жатқан Қазақ хандығына жылдан-жылға күшейіп келе жатқан көрші елдердің басып алу қаупі төнді. Жоңғарлардың Қазақ хандығына ірі шапқыншылығы 1710 жылы басталды. Ел ішінде көп соқтығыстар орын алғандықтан тарихқа, тілге, дәстүрлерге үлкен зардап шекті. Жылдар мен ғасырлармен құрылған мәдениет бір ғасырда жойылып, ары қарай жойылуын жалғасты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет