ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті «Аграрлық» факультеті «Ветеринариялық медицина » кафедрасы
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы.Құс туберкулезі
Орындаған:Сқақбай Б.
Тобы:АП-17-8К1
Қабылдаған:Тұтқышбай И.
Шымкент 2021
Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қоздырушысы
Таралуы,клиникалық белгілері
Емі және алдын-алу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Құс туберкулезі
Туберкулез –көптеген құс түрлерінің ұзаққа созылатын індетті ауруы .
Оның негізгі сипаты -- ішкі органдарда осы ауруға ғана тән түйін-төмпешіктер туберкулдардың пайда болуы . Туберкулезге шалдыққан құстан барлық мал түліктеріне , адамға да ауру жұғуы мүмкін .
Қоздырушысы
Ауру қоздырғышы : Mycobacterium tuberculosis avium. Ауру құстың
зақымданған органдарынан алынған жұғындыда ол кішігірім ,
түп-түзу , әрі қып- қысқа таяқша тәрізді болып көрінеді . Туберкулез
таяқшасы Циль- Нильсен және Грам - Мух бойынша қызыл түске
боялады . Туберкулез қоздырғышы сыртқы ортаға айтарлықтай төзімді .
Туберкулезден өлген құс пен малдың жерге көмілген өлексесінде
он жылға жуық , топырақта , саңғырықта 7-12 ай, төсеніште -4 жыл,
құрғатылған қақырықта -226 күн, өзен суында -7 айдай тірі
сақталады. Туберкулез таяқшалары күн сәулесімен ыстыққа төзімсіз
келеді . Тікелей түскен күн сәулесі оларды 45-50 минутта өлтіреді .
Аурудың дамуы
Ауру жем, су арқылы жұқса туберкулез қоздырғышы ішек пен өкпеге түседі де , мұндағы сөл бездеріне тоқтап , осында өсіп—өнеді . Мұнда алғашқы туберкулез түйіндері пайда болады .Түйін ішіндегі туберкулез таяқшалары қан ағынына ілесіп бүкіл денеге тарайды да , бауыр , талақ, ішек , өкпе сияқты органдарды зақымдайды . Туберкулез айналаға әдетте ауру құс арқылы тарайды .Ол өзінің саңғырығымен бірге сыртқа көп етіп ауру қоздырғышын шығарып отырады .
Клиникалық белгілері
Туберкулез белгілері құстың түріне қарай әр түрлі болуы мүмкін . Аурудың жасырын кезеңі тауықта 2-12 айға созылады . Ауру тауық әдеттегідей ширақ емес ,тәбетінен айырылмаса да , барған сайын арықтай түседі , жұмыртқа салуы төмендеп , мүлде тоқтайды. Оның айдары , сырғасы бозарған , ауыз , танау және көздің кілегей қабықтары сарғыш тартқан. Бұл бауыр зақымданғанның белгісі. Одан әрі құс іші өтіп , аяқтары ақсап ,параличке ұшырайды .
Патолого-анатомиялық өзгерістері
Құс өлексесі тым арық , бауыр және талақтан тары кейде жаңғақтай көкшіл ақ түсті туберкулез түйіндері табылады . Бауыр мен талақ 4-5 есе ұлғайған . Бұл органдардың ұлпасы босаңсыған , тиіп кетсе жыртылады , сұрғылт қызыл ,кейде сарғыш тартады . Ауру асқынған жағдайда туберкулез түйіндері өкпеден , өте сирек жағдайда бүйректерден , аналық жыныс безі мен ұрық түтігінен табылады .
Емі және алдын-алу шаралары
Емі. Емдеу әдістері әлі табылған жоқ .
Алдын алу, күресу шаралары. Аурудан алдын ала сақтануүшін
Жоғарыдағы аталған шараларды түгел орындап , туберкулин егіп ,
барлығы сау болса шаруашылық таза деп есептеліп , карантин
алынады.
Қорытынды
Туберкулез - көбінесе созылмалы түрде өтетін,іріп ыдырауға бейім арнайы түйіншектердің - туберкулалардың әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда түзілуімен сипатталатын барлық жануарлар түрінің және адамдардың жұқпалы ауруы.Қоздырушысы - Mycobacterium туысына жатады, оған 30 астам өзіндік түрлері кіреді. Жануарларда ауруды бұқа туберкулезінің микобактериалары (Mycobacterium bovis), адамның (Mycobacterium tuberculosis) және құстың (Mycobacterium avium) түрлері қоздырады. Туберкулез микобактерияларының бұқа түрі негізінен ірі қара малдар үшін патогенді, бірақ оларға барлық сүтқоректілер және адамдар бейім келеді. Туберкулез ауру малдан адамға, ал ауру адамнан малға жұғуы мүмкін. Адам туберкулезі қоздырушысының түріне адамнан басқа шошқа, мысық, ит, ірі қара және ұсақ малдар бейім. Mycobacterium avium - үй және жабайы құстар туберкулезінің қоздырушысы, шошқаларда патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін, ал ірі қара малда туберкулинге сезімталдықтың қысқа мерзімді сенсибилизациясын тудырады. Атипикалық микобактериялардың жеке түрлері немесе олардың ассоциациялары ірі қара малдың, шошқаның және құстардың туберкулинге сезімталдылығын тудырады, ал кейбір жағдайларда шошқалардың лимфа түйіндерінде патологиялық өзгерістер тудырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары:
Оқулық / Сабаншиев М., Шабдарбаева Г., Сүлейменов Т.,
Қожабаев М., Бердіқұлов М. – Шымкент Нұрлы Бейне, 2010 – 500 бет.
4. Ауыл шаруашылық малдарының эпизоотологиясы және инфекциялық аурулары. Оқулық / Құрбанов С., Қаратаев Ш. Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2009-276 бет.