Презентация Тақырып : Аурушаңдық көрсеткіштерін есептеу және талдау. Мүгедектік. Орындаған: Марат А


Есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет болады



бет4/6
Дата01.02.2023
өлшемі1,81 Mb.
#64261
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КДС 1 СРС

Есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет болады

  • Есептеу үшін келесі бастапқы мәліметтер қажет болады:
  • жұмысшылар саны (бір жылдағы орташа);
  • еңбекке жарамсыздық күндерінің абсолютті саны (Ф. 16-ВН нұсқасы бойынша);
  • ауруы себепті жоғалтылған адамдар-күндер саны;
  • 1 жұмысшыға келетін жұмыс күндерінің орташа саны;
  • жылына орта шамамен 1 жұмысшыға келетін өнімнің шығарылуы (теңгемен);
  • жылына орта шамамен 1 жұмысшыға келетін шартты-тұрақты шығындар (теңгемен).

Мүгедектік

  • Мүгедектік – науқастану, жарақат, апатқа ұшырау, кемтар болып туу салдарынан адамның мүлдем не уақытша еңбек ету қабілетінен айырылуы. Мүгедектік медицина, әлеуметтік және құқықтық болып ажыратылады.  Мүгедектік – өзгеріп тұратын категория. Мысалы, аурудың түріне қарай және оның дұрыс емделуіне байланысты мүгедек адамның денсаулығы жақсарып, еңбек ету қабілеттілігі жоғарылауы, ал кейде, керісінше жағдайдың да көрініс беріп, адам мүлдем кемтар болып қалуы мүмкін. Тұрақты еңбекке жарамсыздықты сараптау және мүгедектік тобын әлеуметтік қорғау мекемелерінің жанынан ұйымдастырылған медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясы белгілейді. Еңбек ету қабілетін жоғалтқан тұлғаларды әлеуметтік қамсыздандыру негізінен 2 бағытта жүргізіледі: зейнетақымен қамтамасыз ету және еңбек ете алатындарды жұмысқа орналастыру. Қазақстан Республикасының «мүгедекетерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңында Мүгедек - ол ағза функцияларының бұзылуы салдарынан олардың өмір сүру мүмкіндіктерін шектеуге әкеп тірейтін түрлі жарақаттар, аурулар, кемістердің салдарынан денсаулығы нашар тұлға делінген.

Аурудың жағдайына, органдардың қызметінің бұзылу деңгейіне, клиника болжамға және еңбекке жарамсыздығына байланысты мүгедектік үш топқа бөлінеді.
І-топқа мүлде немесе ұзақ уақыт еңбекке жарамсыз, үнемі басқа біреудің күтімін, көмегін немесе бақылауын қажет ететін адамдар жатады;
ІІ-топқа басқа адамның көмегін қажет етпейтін, жұмыстың кейбір түрлерін атқара алатын адамдар жатады;
ІІІ-топқа еңбек ету қабілеті төмен болғанымен жеңіл-желпі жұмыстарды істей алатын, бірақ денсаулығына байланысты жұмыс жағдайын оңтайлы өзгертуді қажет ететін адамдар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет