Презентация Тақырып : Аурушаңдық көрсеткіштерін есептеу және талдау. Мүгедектік. Орындаған: Марат А



бет5/6
Дата01.02.2023
өлшемі1,81 Mb.
#64261
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

БҰҰ сарапшыларының деректерi бойынша мүгедектердiң жалпы әлемдiк саны 600,0 млн адамды немесе халықтың 10% құрайды. Олардың iшiнде 385 млн еңбек етуге қабiлеттi жастағы адамдар болып табылады. Мүгедектердiң жас құрылымында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым (мүгедектердiң жалпы санының 70%-ы).

  • БҰҰ сарапшыларының деректерi бойынша мүгедектердiң жалпы әлемдiк саны 600,0 млн адамды немесе халықтың 10% құрайды. Олардың iшiнде 385 млн еңбек етуге қабiлеттi жастағы адамдар болып табылады. Мүгедектердiң жас құрылымында еңбек етуге жарамды жастағы адамдар басым (мүгедектердiң жалпы санының 70%-ы).

Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Сонымен қатар осы заңда мүгедек балаға да мынадай жеке анықтама беріп өтеді: тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Ал мүгедектiк дегеніміз — организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi.

Мүгедектің құқықтары

  • әлеуметтік қорғалу, соның ішінде сауықтыру, қоғамға бейімделу
  • әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына кірумен қамтамасыз етілу
  • ақпаратты алуға мүмкіндік берумен қамтамасыз етілу
  • білім беру, қызмет түрін еркін таңдау, соның ішінде еңбекке байланысты
  • Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталатын тәртіппен көрсетілетін тегін медициналық көмектің кепілденген көлеміне ие болу
  • кәсіби дайындық және қайта дайындау, еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру және жұмысқа орналасу
  • Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес үй алу
  • Мемлекеттік және басқа да ұйымдарда, соның ішінде денсаулық сақтау, мәдениет, байланыс, көлік, қызмет саласында бірінші кезекте қызмет көрсетіледі
  • Мүгедектердің шығармашылық мүмкіндіктерін қолдау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет