Дәнекер тінінің патохимиясы - Дәнекер тінінің жарақаттың жазылуына қатысуы.
- Жарақаттану процесіне 3 компонент кіреді:
1. зақымдану 2. қабыну 3. қалпына келу Олар өзара тығыз байланысты, оларды уақыт немесе морфологиялық компонент бойынша бөлу қиынға соғады. Жарақаттану процесінде келесі кезеңдер байқалады: 1. жарақаттық қабыну (қабыну кезеңі) 2. дәнекер тінінің жаңадан түзілуі (пролиферативтік кезең) 3. тыртықтың қалыптасуы мен қайта өңделуі Жарақаттық қабыну фазасына - гиперемия,
- экссудация (қан құрамынан сұйықтықтың шығуы),
- жасушалардың миграциясы,
- инфильтрация
Дәнекер тіннің ауруларының бірі – коллагеннің алмасуының бұзылуы, бұл кезде коллагеноздар дамиды. Бұл ауруға дәнекер тінінің диффуздық зақымдануы, макрофагтардың миграциясы, аурудың асқынуы және аутоантиденелердің пайда болуы тән. Осындай ауруларға ревматизм (құяңжел), склеродермия, жүйелі қызыл жегі, ревмотоидты артрит және тағы басқа аурулар жатады.
Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануының бірі- келлоид болып табылады – дәнекер тіннің көп мөлшерде өсіп кетуі, сол жерде ісік болып көрінеді. Келлоидтың нағыз түрі- зақымданбаған аймақта өз еркімен пайда болатын келлоид және жалған түрі бар (тыртықты келлоид)- жарақаттанған аймақта пайда болады. Осы кезде заттар алмасуында және эндокриндік бұзылыстар байқалады, мысалы глюкокортикоидтардың активтілігі төмендейді.
Амилоидозға амилоид пайда болатын жағдай жасайтын әртүрлі патологиялық процестер жатады. Амилоидтың негізгі компоненті- коллаген типті фибриллярлық белоктар және плазма белоктары(α- және γ-глобулиндер, фибриноген).
Амилоид- жасушаларда түзілетін фибриллярлық құрылым. Оның антигендік қасиеті бар, аутоиммундық процесті тудырады. Амилоид бүйректе, жүректе, жүйке жүйесінде, ішекте, теріде кездеседі. Амилоидоз қайтымсыз процесс, ол науқасты өлімге ұшыратады.
Қаңқаның дамуында ақаулар(омыртқаның деформациясы, буындардың ығысуы, буындардан қан кету), бұл коллаген және эластин белоктарының синтезінің бұзылуымен байланысты. Бұл патология ларизм деп аталады. Ол құрамында мысы бар лизилоксидазаның активтілігінің жеткіліксіздігіне байланысты дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |