Дентиннің эмальден айырмашылығы құрамында сиалопротеиндері (бұл коллаген емес белоктар болып табылады) көп болады. Минералдену дәрежесі бойынша дентин сүйектің компактілі затына ұқсас. Минералдық компоненті - гидроксилапатит, онда сүйекпен салыстырғанда магний жиірек болады. Фторлы тұздар да дентин құрамында кездеседі. Дентиннің органикалық құрамына коллаген, фосфатпен байытылған, хондроитинсульфаттар, гиалурон қышқылы кіреді. Зақымдалған дентинде кариестің дамуы кезінде оксипролин мен оксилизиннің мөлшері төмендейді және глюкозаминогликандардың мөлшері жоғарлайды. Жасушалық элементтері - одонтобластар.