«Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы» Презентация
Тақырып:Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдері Тапсырған: Жанібек Айшабибі Тобы: ФӨТҚБ_04_21 Қабылдаған:Бұрхан Е.Ж. Шымкент 2022 Жоспар: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім
Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі әдістері
III. Қорытынды IV. Қолданылған әдебиеттер
Әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтік, қоғамтанулық зерттеулердің бір түрі, қоғамды жекелеген ғылымдардағы арнайы және нақтылы-әлеуметтік зерттеулерде жалпы теориялық және әдістемелік негіз, "өзегі" ретінде қарастырады. Әлеуметтік зерттеулерді бір жағынан, жалпылама, абстрактылы, қоғамды өзіне тән әмбебап белгілеріне, мәніне, бүкіл әлем заңдылықтарына сай зерттейтін әлеуметтік-философиялық зерттеулерден ажыра- тып қарау керек; екінші жағынан, қоғамдағы нақтылы, арнайы ғылымдардағы саясаттану, экономикалықтеория, мәдениеттану, әлеуметтікпсихология, құқықтану, этнология және т.б. - әлеуметтік зерттеулерден бөліп қарау керек. Бұнда қоғам әлеуметтік біртұтас түрінде зерттелмей, оның кейбір жекелеген құрылымдары, бөлігі, саласы қарастырылады. Социологиялық ақпараттар жинаудың негізгі төрт әдістері бар. Олар: 1) сұрақ алу әдісі; 2) бақылау әдісі; 3) тәжірибе жүргізу әдісі. 4) құжаттарды талдау әдісі; Сұрау әдісі. Эмпириялық ақпараттар сұрақ алу арқылы алынады. Бұл әдіс ұйымдастыру жағынан артықшылығымен, арзандығымен, ақпараттың мазмұндылығы және әмбебаптылығымен, алынған ақпаратты өңдеуге техникалық құралдарды барынша мол пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді. Сұрақ әдісінің негізгі түрлеріне анкеталық сұрау мен әлеуметтік сұхбат (интервью) жатады. Сұрақ алу тәсілінің өзіндік ерекшелігі «сұрақ-жауап» жүйесі логикалық көзқарас тұрғысынан жүзеге асып, алынған жауаптар кейіннен сапалық және сандық өңдеулерге түсуінде жатыр. Жалпы сұрақ алу әдісі – жеке адамға немесе адамдардың үлкен не шағын топтарына ауызша немесе жазбаша түрде сұрақтар қою жолымен алғашқы әлеуметтік ақпарат алу тәсілдерінің бірден-бірі болып табылады. Бақылау әдісідеп – зерттеу барысында бақылаушының болып жатқан оқиғаларды ағымдық процесіне қарай тікелей тіркеп отыру әдісін айтамыз.
Бақылау әдісінің ерекшелігі: зерттеу объектісін тікелей өз көзімен көріп, құлағымен есту арқылы мағлұмат жинау, мәліметтерді сұралушының еркіне қарамай алуына мүмкіндіктер беру, зерттеуші мен объектінің арасында тікелей байланыстың болуы арқылы шапшаң ақпараттар алып тұру мүмкіндігі. Бақылау бақыланушының түрлі жағдайлардағы іс-әрекеттерін, мінез-құлқын дәл және кеңірек ұғынуға, олардың болып жатқан оқиғаларға реакциялары мәнін түсінуге көмектеседі. Бақылаудың түрлері:
Жеке бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісін өзінше жеке бақылауы;
Топтық бақылау – зерттеу объектісін бақылауға құрылған арнайы топ;
Іштей бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне қатысу арқылы мәлімет жинауы;
Сырттай бақылау – зерттеушінің зерттеу объектісіне араласпай сыртынан бақылауы;
Табиғи бақылау – табиғи ортада, табиғи жағдайларда жүргізілетін зерттеу;
Зертханалық бақылау – арнайы құрылған, жасанды жағдайдағы бақылау.