Презентация Тақырып:Әлеуметтанулық зерттеудің негізгі кезеңдері Тапсырған: Жанібек Айшабибі Тобы: ФӨТҚБ 04 21


Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады



бет2/3
Дата26.09.2022
өлшемі332,75 Kb.
#40404
түріПрезентация
1   2   3
Тәжірибе (эксперимент) – бақыланып және басқарылатын жағдайда жаңа білімдер алудың ғылыми әдісі болып табылады.
Тәжірибеде зерттелетін оқиғаның жағдайын жоспарлы түрде басқару арқылы себепті байланыстары туралы болжамдар тексеріліп, сыни тұрғыдан қарастырылады. Ол қарастырылып отырған құбылыстың белгілі бір гипотетикалық моделін жасауға негізделіп, оның негізгі параметрлері, өзара және басқа құбылыстармен байланыстары, сол байланыстарының себепті салдарлы бағыттары айқындалады. Тәжірибеде зерттелетін осы модельдің көмегімен құбылыс өзгермелі жүйе ретінде сипатталады; оның ішінде іс-әрекеті басқаруға бағынып, тәжірибенің бақылауындағы тәуелсіз өзгермелісі ерекшеленеді.
Құжаттарды талдау әдісі
Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезінде алып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.
Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:
1. Жазба құжаттар (іштей тағы вербальды және статистикалық болып бөлінеді). Вербальды жазбаша құжаттарға – кітап, хат, баспасөз, ал статистикалыққа – халық санағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтық экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары т.б. жатады.
2. Фонетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар (грампластинка, лазер дискасы, магнитофон жазбасы, радио хабарлары).
3. Иконографиялық құжаттар (картиналар, фотосуреттер, видеожазбалар).
Әлеуметтік зерттеулер сай белгілер: әлеуметтік шынайылықты зерттеуге жүйелі көзқарас; әлеуметтік дәйектерге сүйену; эмпирикалық материалдар қолдану. Әлеуметтану құрылымына сай Әлеуметтік зерттеулер теориялық және эмпирикалық; негізгі және қолданбалы; макро, микро және орта деңгейдегі болып бөлінеді. Маңызы жағынан көпшілік Әлеуметтік зерттеулер бір әлеуметтік құбылыстың немесе процестің екіншісінен тәуелділігін анықтаудан тұрады.
Қорытындылай келгенде, социологиялық зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру ғылыми негізделген комплексті кешен ретінде сипатталады. Ол зерттеудің мақсаты қоғамға қатысты жаңа білімдерді алу үшін қолданылады. Яғни, әлеуметтану зерттеуі – қоғамтану зерттеуінің бір түрі, қоғамды тұтас жүйе ретінде қарастыратын және жеке ғылымдарды арнайы және нақты әлеуметтік зерттеуге қатысты жалпытеориялық және әдістемелік негіз рөлін атқарады.
Әлеуметтанудың қоғам өмірімен тығыз, жан – жақты байланысы мен қатынасы оның оның атқаратын қызметінен айқын көрінеді. Әлеуметтану да басқа ғылымдар сияқты, ең алдымен таным функциясын атқарады. Әлеуметтану қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, оның деңгейі мен дәрежесін өсіріп отырады, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтарын, болашағын ашып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет