Презентация такырыбы: Генетикалық зерттеулерді құқықтық реттеу Шымкент 2020 ж


-бап. Авария кезінде жүзеге асырылатын іс-шараларға қойылатын талаптар



бет6/7
Дата18.05.2023
өлшемі196,81 Kb.
#94148
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7

18-бап. Авария кезінде жүзеге асырылатын іс-шараларға қойылатын талаптар

18-бап. Авария кезінде жүзеге асырылатын іс-шараларға қойылатын талаптар

1. Авария болған жағдайда субъект бұл туралы гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органға он екі сағат ішінде хабарлауға және оған: 1) аварияның мән-жайы туралы ақпаратты; 2) пайдаланылған ӨТО-ның түрі мен мөлшері туралы деректерді; 3) қабылданған шаралар туралы мәліметті, сондай-ақ, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қатысты аварияның салдарын бағалау үшін қажетті кез келген ақпаратты беруге міндетті;

2. Авария болған жағдайда гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган: 1) адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін туындаған қауіпті бағалап және дәрежесін көрсетіп, бұл туралы жұртшылықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бір күннің ішінде хабардар етеді; 2) аварияға барынша толық бағалау жүргізуді және қажет болған жағдайда болашақта осы сияқты авариялардың алдын алу, сондай-ақ мұндай авариялардың мүмкін болатын салдарын жою жөнінде ұсыным береді; 3) аварияның себептері мен салдарын жою үшін қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

2. Авария болған жағдайда гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті орган: 1) адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін туындаған қауіпті бағалап және дәрежесін көрсетіп, бұл туралы жұртшылықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бір күннің ішінде хабардар етеді; 2) аварияға барынша толық бағалау жүргізуді және қажет болған жағдайда болашақта осы сияқты авариялардың алдын алу, сондай-ақ мұндай авариялардың мүмкін болатын салдарын жою жөнінде ұсыным береді; 3) аварияның себептері мен салдарын жою үшін қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді.

19-бап. Гендік-инженерлік қызмет саласындағы шектеу

19-бап. Гендік-инженерлік қызмет саласындағы шектеу

Қазақстан Республикасының аумағында: 1) құрамында ӨТО/ГТО бар арнайы мақсаттағы өнімдерді, балалар тағамын және балалар тағамын өндіруге арналған ингредиенттерді жасауға, өндіруге, айналымға шығаруға, импортына және экспортына; 2) адамды клондауға; 3) осындай қызметпен айналысуға гендік-инженерлік қызмет саласындағы уәкілетті органның рұқсатынсыз гендік-инженерлік қызметті жүзеге асыруға; 4) ӨТО/ГТО-ның мемлекеттік тізілімінде тіркелмеген ӨТО/ГТО-ның транзитіне және импортына тыйым салынады.


1. Генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану жөніндегі операциялар барысында мынадай талаптар сақталуға тиіс:
1) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдердің қайдан шығатынын және қайда түсетінін айқындайтын жүйелер мен рәсімдерді меңгеруге тиіс;
2) қоршаған ортаға әдейі шығаруға арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органына олардың ерекшеліктері туралы егжей-тегжейлі ақпарат беруге тиіс;
3) тағамға, жемге немесе өңдеуге арналған генетикалық түрлендірілген организмдер үшін табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға өнімде болуы мүмкін генетикалық түрлендірілген организмдердің ерекшеліктерін сипаттап, өнімнің тек тағам, жем ретінде немесе өңдеу үшін пайдаланылуға тиістілігі туралы декларация ұсынуға тиіс; P080346
4) генетикалық түрлендірілген организмдерден алынатын тағам және жем өнімдеріне қатысты табиғат пайдаланушылар сатып алушыларды өнімнің генетикалық түрлендірілген организмдерден алынғаны туралы хабардар етуге тиіс;
5) табиғат пайдаланушылар генетикалық түрлендірілген өнімдер мен организмдерді өндіру мен пайдалану туралы ақпаратты бес жыл бойы сақтауға және оны қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органға олардың талап етуі бойынша табыс етуге тиіс.
2. Ауыл шаруашылығының табиғат пайдаланушылары өз өнімін сатып алушыға оның генетикалық түрлендірілген өнім сатып алатынын таңбалау арқылы хабардар етуге және өз өнімін ұсынатын сатып алушылардың тізілімін жүргізуге тиіс.
3. Мемлекеттік органдар барлық генетикалық түрлендірілген тағам өнімдері мен жемге арналған таңбалау туралы қолда бар ережелерді таратады. Генетикалық түрлендірілген организмдерді қамтитын немесе олардан құралған немесе алынған барлық тағам өнімдері мен жемдер таңбалануға тиіс. Таңбалаудың мақсаты тұтынушыларды өнімнің немесе жемнің нақты қасиеттері туралы хабардар ету болып табылады.
4. Генетикалық түрлендірілген организмдерді таңбалау жүйесі түпкі тамақ өнімінде генетикалық түрлендірілген дезоксирибонуклеидтерді немесе белоктарды табу мүмкіндігіне негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет