3. Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) ӨТО/ГТО-ның айналымына мемлекеттік бақылау орнату; 2) гендік-инженерлік қызмет кезінде биологиялық әртүрлілікті сақтау; 3) гендік-инженерлік қызметтің басым бағыттарын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау; 4) қатерлерді бағалау жүйесін жасау.

4-бап. Қазақстан Республикасының гендік-инженерлік қызмет туралы заңнамасының қолдану саласы
1. Осы Заңның ережелері гендік-инженерлік қызметтің мынадай түрлеріне қолданылады: 1) ӨТО/ГТО-ны жасау және (немесе) сынау бойынша; 2) ӨТО/ГТО-ны тұйықталған жүйелерде пайдалану; 3) ӨТО/ГТО-ны қоршаған ортаға шығару, ашық жүйелерде пайдалану; 4) ӨТО/ГТО-ның трансшекаралық орнын ауыстыру, транзиті, импорты және экспорты;
Гендік-инженерлік қызмет субъектілері гендік-инженерлік қызмет және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға ұсынған құпия ақпарат Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лауазымды адамдардың жариялауы мүмкін емес, сондай-ақ үшінші тұлғаға берілмейді. Ұсыну қажеттілігі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ақпарат құпия ақпарат болып танылмайды.
Гендік-инженерлік қызметті мемлекеттік реттеу: 1) қатерлерге бағалау жүргізу; 2) ӨТО/ГТО-ның мемлекеттік тізілімін жүргізу; 3) гендік-инженерлік қызмет түрлерімен айналысуға рұқсат беру; 4) гендік-инженерлік қызметке мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру арқылы жүзеге асырылады.