Оқу мақсаты 4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және
кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар
(неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру
4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды
ойды түсіну
4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/
презентацияны сөйлемдермен толықтыру
4.5.1.5* Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап, жай және
құрмалас сөйлем құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтіннің мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді
Мәтіннің негізгі ойын анықтайды
Сюжетті суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады
Сөйлем құрастыруда сөздердің орын тәртібін сақтайды
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
І нұсқа
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Тапсырмаларды орындаңыз.
Марал – асыл тұқымды бұғылардың қатарына кіретін керемет жануар. Оның мүйіздерінің ерекше емдік қасиеттері бүкіл әлемде бағаланады және басқа тіршілік иелерінде кездеспейді.
Бұл жануардың салмағы 300-400 килограммға дейін жетеді. Денесінің ұзыңдығы – 2,5 метрден асады, ал биіктігі – 1,7 метр. Қысқы мезгілде жүнінің түсі сұр-қоңыр болып, көктемде қызғылт түске өзгереді. Маралдың еті жұмсақ, дәмді, әрі емдік қасиеттерге бай.
Қазіргі уақытта, бұғының мүйіздері мен қанын қолданып, дәрілік заттар жасалады. Жүйелі түрде марал етімен тамақтанатын адамдар, қатерлі ісік ауруына сирек шалдығады. Маралдың мүйіздерінің құны – үш мың доллар. Жаңа Зеландия, АҚШ және Қытайда миллиондаған маралдардың өсірілгеніне қарамастан, емдік қасиеттері тек Алтай маралдарында ғана бар. Көптеген ғасырлар бойы, денсаулықты нығайту үшін осы жануардың қаны қолданған. Ежелгі уақытта, оның көмегімен өлім төсегінде жатқан адамдарды емдеген.