Қожа Ахмет Ясауи Яссауи кесенесінің жоспары алға тартылады. Ол сегіз бөлімнен тұрады:
1. Қазандық бөлмесі
2. Қабірхана
3. Мешіт
4. Кітапхана
5. Үлкен Ақсарай
6. Кіші Ақсарай
7. Асхана
8. Құдықхана
Кесененің әр бөлмесінде қызметіне сай экспозиция құрылған [5]. Оқушыларға кесененің әр бөлмесі кеңінен ашылып айтылады. Алып кесененің Жамағатхана (Қазандық) бөлмесінде жеті түрлі бағалы металдан жасалған қола Қазан тұр. Мешіт бөлмесінде дәстүрлі жұма намазы оқылған.
Қазандық бөлмесінің төріндегі есік Ахмет Яссауи мәйіті жатқан Көрханаға кіргізеді. Бұл мейлінше киелі орын. Үлкен Ақсарай қазақ хандығы тұсында ордаға айналды. Ал, кіші Ақсарай қонақтарды қабылдау бөлмесінің қызметін атқарды. Асханада хәлім тағамы дайындалып, мүсәпір кедейлерге таратылған.
Құдықханадағы құдықтан тартылған су зиярат етушілерге қасиетті су ретінде берілген. Тарихи-мәдени ескерткіштерді сыныптан тыс тәрбие жұмысында пайдаланылғанда оқушылар мынадай мәселелерді біледі:
1. Кесененің қай кезеңде, қандай тарихи тұлғаға арналып тұрғызылғанын біледі.
2. Кесененің салыну әдісіне көңіл бөлінеді.
3. Тарихи тұлғаның еңбегін зерделейді.
2.Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы туралы Сәуірдің 18 күні Халықаралық тарихи ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күні деп 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы осы күнді бекіткен болатын. Басты мақсаты – жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру.
Қазақстанның рухани өмірінде Семей қаласының алатын орны ерекше. Тарихы әріден басталатын көне қалалардың бірі Абай дәуірінде мәдениеттің, өнердің орталығы болды. Бұл қаламен Абай, Шәкәрім, М.Әуезов есімдерімен бірге 1917 жылы Алаш мемлекетін құрған А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, Ж.Аймаутовтардың есімдері байланысты. Қаламызда өткенімізден сыр шертетін, дара тұлғалар өмірінен тың мағлұмат беретін, тарихымыздың өшпес бір бөлігіндей саналатын ғимараттар мен ескерткіштер жеткілікті. Бұл - кейінгі ұрпаққа танымдық-өнегелі тәрбие беретіндей мәдениеттің қайнар бұлағы.
Абай өмірі мен шығармашылығы, туыстық, ақындық – өнер айналасымен байланысты төрт жүзден астам тарихи-мемориалдық орындар абайтануға мәлім. Олардың бір саласы тікелей Абайдың өзіне байланысты болса, бірқатары Шәкәрімге, М.Әуезовке, Абай мектебінің шәкірттері, ұлы ұстаз дәстүрі мен тағылымын жалғастырушы әдеби-тарихи тұлғалар өмірі мен шығармашылықтарымен байланысты орындар мен елді-мекендер жатады.
Кеште қорық-мұражай есебіндегі Семей қаласындағы, Жидебай қорық алқабы және Әуез әулетінің қоныс-қыстауы - Бөрілі елді мекеніндегі тарихи ескерткіштер туралы баяндамалар оқылды.