Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның ҚҰРАМЫ Ескерту. Құрам жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.05.2021 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 13.04.2023 № 195 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 15.06.2023 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының өңірлік саясат мәселелеріне жетекшілік етуші орынбасары, комиссия мүшесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы, комиссия мүшесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі, комиссия мүшесі Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры, комиссия мүшесі Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі, комиссияның хатшысы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру ҚАҒИДАЛАРЫ Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 18.05.2021 № 580 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.